Татулық пен мейірім мерекесі

Выпуск - №12(609)   :   29.03.2024
266

image

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Наурыз – татулық пен мейірімділік мерекесі!» танымдық-ойын бағдарламасын ұйымдастырды.

Наурыз – көнеден келе жатқан, күн мен түннің теңескен жаңа бастау мерекесі. Орта Азия елдерінде «Ұлыстың ұлы күні» деп аталып келе жатқанына бес мың жылдан асады. Демек ежелден ата-бабаларымыздың көрегенділігімен дәм-тұзы бұзылмай, осы уақытқа дейін сол дәстүр-салтымен жеткен Наурыздың жөні бөлек. Ол – татулық пен достықтың, ынтымақ пен бірліктің нышаны.
Кітапханашы оқырмандарға Наурыз мерекесінің тарихы, оның негізгі дәстүрлері туралы айтып берді. Іс-шара барысында «Шашу» рәсімі өткізіліп, мерекелік дастарқандағы ең танымал ұлттық өнімдер аталып өтті. Кітапхана оқырмандары үшін «Тауқұдірет» студиясының орындауындағы «Балбырауын», «Тойбастар», «Өрлеу» күйлері ұсынылып, оқушылар арасында «Тай жарыс» сұрақ-жауап ойыны, «Асық» ұлттық ойыны ойнатылды.
Мерекелік іс-шараның қатысушылары «Біз Наурыз туралы не білеміз?» викторинасының сұрақтарына үлкен ықыласпен жауап берді, жұмбақтар шешті, түркі халықтарының мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерін еске түсірді, көктем мерекесі Наурызға арналған өлеңдер мен құттықтаулар оқыды. Осылайша сәні мен мәні жарасқан мерекенің соңында жиналғандарға бауырсақтар беріліп, балалар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Рагүл ЕРМҰХАНҚЫЗЫ,
А.С. Пушкин атындағы
қалалық балалар кітапханасының қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.