Әдебиет қаһармандарының шеруі

Выпуск - №2(599)   :   18.01.2024
373

Тақырыбы осылай әспеттелген жас дарындардың байқауы көптің көңілін көкке өрлетті. Жастардың жігерін жанып, қалың көпшіліктің бойын шымырлатты. Іс-шара әдебиетте өзіндік қолтаңбасы бар тұлғалардың шығармашылығын қайта жаңғыртуды көздеді.

Әдебиет қаһармандары кімдер? Олар – шоқтығы биік туындылардың авторлары, тарихты қаламмен бейнелеп, ұлт тағдырын шығармаларына арқау еткен қаламгерлер. Шеру шымылдығын «Бабаларым, рақмет саған!» театрландырылған қойылымымен А.Ш. Гисинова жетекшілік ететін «Жас актер» үйірмесінің мүшелері ашты. Тыңнан түрен салған театрландырылған қойылым қазақы бояуды қанықтырып, ұлыларды ұлықтады.

Кіл жүйріктің ішінен, шын жүйрікті анықтау әділ қазылар алқасына қиынға түсті. Себебі, қатысушылардың тыңғылықты дайындығы, ұстаз, ата-ана, оқушының бірлесе атқарған жұмысы бір-бірінен кем түспеді. Мәселен, 5 «Ә» сынып оқушысы Шамшин Жансұлтан шам жарығымен қалың ойға шомып, шығармашылыққа беріліп отырған Ахмет Байтұрсынұлының бейнесімен ерекшеленсе, 5 «Д» сыныбы әлем әдебиеті жауһарларынан көрініс көрсетіп, Александр Сергеевич Пушкиннің образымен көптің ықыласына бөленді.

Сахнада сән құрған өрімдей өрендер Абай, Мағжан, Сәкен, Мұқағали шығармаларын жатқа оқыды. Алаш арыстарының арманын арқау еткен басқа да өлең жырлар жиналғандардың өне бойын шымырлатпай қоймады. Кішкентай жүректердің лүпілі тура бір туған тіл мен Отанға деген сүйіспеншіліктің салмағын арқалап тұр дерсіз. Қатысушылар таңдалған қаһарманның сыртқы бет-бейнесі мен киім үлгісі сол заманға сәйкес болуы, шындыққа жанасуымен ерекшеленді. Образды толықтыруға бағытталған қосымша интерьерлер сахнаны жандандыра түсті.

Тіл жанашырларынан құрылған қазылар алқасы көркем образдарды жан-жақты бағамдап, өз бағаларын берді. Нәтижесінде, 5 «Д» сынып оқушысы Даниил Соколов 1-орынды иеленсе, 5 «А» сынып оқушысы Абай Нағашыбай және 5 «Ә» сынып оқушысы Жансұлтан Шамшин 2-орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, 5 «Б» сынып оқушысы Тілек Оразалы, 5 «Г» сынып оқушысы Максим Украинец және 6 «Ә» сынып оқушысы Темірлан Марат 3-орынды теңдей бөлісті. Өзге қатысушылар «Көрермен көзайымы», «Үздік сахналық образ», «Жарқын бейне», «Сөз шебері», «Жас талап» номинацияларымен марапатталды.

Концерттің ұнағаны сондай, сахнаға өзі сұранып шыққан көрерменнің бірі алған әсерін былайша баяндап, тілегін білдірді: «Оқушыларымыздың концертін көзбен көріп, құлақпен естіп, разы болып жатырмыз. Нағыз ұлттық рухтың үлгісін көрсетті. Жастармыз – бірінен-бірі өткен дарындар, барлығының жұлдыздары жана берсін. Шараның кереметін айтуға менің тілім жетпей тұр. Ортамызда осындай таланттардың болғаны қандай тамаша. Ұстаздардың еңбектері жанып, шәкірттері үмітін ақтай берсін!».

Гимназиямыздағы тәрбие саласының жаңалығы осымен таусылмақ емес. Биылғы бұл тың бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Біздің борышымыз – қажетті азықты бойымызға сіңіру ғана.


Салтанат АХМЕТОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.