Өткеннің өнегесімен болашаққа

Выпуск - №11(608)   :   22.03.2024
322
image

Мeмлeкeттiк тiлдe оқытaтын A.Бaйтұрсынұлы aтындaғы ЖББ мeктeбiндегі тарих пәні мұғалімдерінің онкүндігі аясында «Тарих сабақтарында инновациялық білім беру технологиялары негізінде білім беру сапасын арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Оған облысымыздың барша өңірінен елуге жуық тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Мектеп басшысы Көпжасар Хажмұханұлының басшылығымен тарих пәнінің мұғалімдері семинардың ойдағыдай өтуіне жұдырықтай жұмылып атсалыса білді. «Тарих тереңінен – болашақ биігіне» атты мазмұны сонау түркі тас мүсінінен басталып, Күлтегінмен жалғасқан барлық тарихи оқиғаларға толы көрме мен оқушылар таныстырылымы, сондай-ақ «Мәңгілік ел – қазақ жері» толғауымен ашылу салтанаты да өз деңгейінде өтті.
Еңбек өтілі отыз жылдан асып жығылатын ұлағатты ұстаз Ақмарал Хамзина сабақ өткізудің инновациялық технологиялары «Уақыт шеңбері» әдісін «Шынжырлы мәтіннің пайдасы» арқылы жүргізсе, жаңа сандық үлгідегі әдістер көмегімен «Әбілхайыр хандығы» тақырыбындағы сабағын Сандуғаш Карманова дәмхана түрінде өткізді. Ал, Дастан Қалиев «Шебер сынып» тақырыбы аясында үздік жаңалықтарымен бөлісе білді. Өңірдің түкпір-түкпірінен келген ұстаздарға арнайы өткізілген сабақтардың тәлімі мол болды. Олар пайдалы ақпараттармен танысып, тәжірибесін арттырды десем артық айтпаған болар едім. Семинарға қатысушы қонақтар мен ұстаздар алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.
Ұжым атынан облыстық деңгейдегі іс-шараның өтуіне үлес қосқан «Балалар шығармашылық үйі» қосымша білім беру ұжымының басшысы Клара Саттарқызына және Қостанай ауданы білім бөлімінің әдіскері Кыпшакбаева Кенжеш Ахметханқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – деп дана халқымыз айтқандай, облыстық деңгейдегі семинар мақсатына толық жетті деп ауыз толтырып айта аламыз.

Қaлaмқaс ДУЛЫБAEВA,
Мeмлeкeттiк тiлдe оқытaтын
A.Бaйтұрсынұлы aтындaғы
ЖББМ мaтeмaтикa пәнiнiң мұғaлiмi,
Қостанай ауданы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.