Озерный негізгі орта мектебіне 50 жыл!

Выпуск - №6(603)   :   16.02.2024
212

Қостанай ауданындағы Озерный негізгі орта мектебінің іргетасы 1974 жылы қаланған болатын. Содан бері қаншама шәкірт тәрбиелеп шығарған тағылым ордасы биыл, міне, өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерейтойға Қостанай аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Алтынбек Нартаев қатысып, қара шаңырақ жарты ғасырлық тарихында терең де тағылымды тарихи жолдан өтіп, биік белестерді бағындырғанын, бұл жолда мектептегі сапалы білімнің негізін қалаған білікті мұғалімдердің еңбегі айрықша екендігін айтты. Шара барысында Қостанай аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Серик Айтмагамбетов білім ордасының 50 жылдығына орай мектептің мұғалімдеріне, қызметкерлері Толагай Еркебек, Логинова Наталья, Нина Александровна және ардагер ұстаз Акжанова Умитжан анамызға Алғыс хат табыстады. Мектеп ұжымын мерекемен құттықтай келген Серік Канапеевич:

– Ардагер ұстаздар мен мектеп түлектерінің қара шаңырақтың жарты ғасырлық тойына келіп, мектепке құрмет көрсетуі – бүгінгі білім алып жатқан жастарға үлгі-өнеге. Тәлімі теңіз, рухы асқақ ұстаздардың алдын көріп, білім нәрімен сусындаған кешегі шәкірттер бүгінгі мектеп түлектерінің алтын ұяға келуі бәрімізді қуантты. Барлықтарыңыздың да еңбектеріңіз еленіп, әлі де ел үшін қызмет жасай беріңіздер, – деді ағынан жарылып.

Московский ауылының әкімі Кузайбин Нурлан мектебімізге елу мың теңгенің сертификатын табыстады. «50 жыл бойы мұнда көптеген қабілетті де еңбекқор шәкірттер оқыған, білікті де білімді ұстаздар еңбек еткен және әлі де еңбек етуде. Мектеп – ең маңызды және қажетті білімді беретін алтын ұя. Сондықтан, осы жерде білім нәрімен сусындаған барша түлек өмірден өз орнын тапсын. Мектебіміздің жұмысы алға басып, білім сапасы артып, табысты болсын. Әрдайым шәкірттері ізденімпаз, ұстаздары дарынды, материалдық-техникалық базасы заман талабына сай мектептердің қатарында болсын», – деді сөз соңында ауыл әкімі Кузайбин Нурлан.

Московский ауылы әкімінің Алғыс хатымен жылдар бойы бала оқытып, ұстаздық жолын жалғастырып келе жатқан Балғынбек Құрмашұлы, мектеп психологы Гульнар Есенгулова, бастауыш сынып мұғалімі әрі осы мектептің түлегі Ольга Сугакова, сонымен қатар еден жуушы Поплаухина Вероника марапатталды. Мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының қазіргі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді.

«Ағаш жапырағымен, адам ұрпағымен, ал ұстаз шәкіртімен көрікті» деген сөз бар халқымызда. Осы мектептен білім алып, көктеген талай жас шыбықтың тамыры тереңдеп еменге айналғанына Озерный ауылының тұрғындары куә. 50 жылда талай ұрпақ білім алып, тәрбие көріп, болашаққа қадам басты. Бүгінгі кеште саналы ғұмырын мұғалімдік қызметке арнаған ардагер-ұстаздар: Панин Анатолий, Панина Надежда, Акжанова Умитжан, Маканова Ряш, Малтабарова Канымкуль, Мартыненко Валентина, Ивтушок Татьяна, Антропова Екатерина, Есмакова Мируерт, Веселова Надежда, Заводчикова Надежда, Маркштедер Ида, Заводчикова Анна, Кинерейш Райса, Ромашкина Антонина, Пономарева Галина, Жангужина Жанна, Гордей Валентин, Бетхе Лидия үлкен қошаметке ие болды.

Мектептің атақ-даңқын шығаратын – мектеп басшысы, яғни, директор. Директор – мектептің миы, ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын, шештіре алатын, ұжымды бір мақсатқа ұйыта алатын ұйымдастырушы. Мерейлі кеш барысында елу жыл ішінде мектептің сапалы қызмет істеуіне үлес қосқан: Кирдан Александр, Рудык Владимир, Гартман Валерий, Трост Владимир, Князева Любовь, Панин Анатолий, Марар Ирина, Есмаганбетов Асхат, Нысамбаев Нуржан, Логинова Наталья секілді мектеп басшылары ерекше атап өтілді.

Дана халқымызда «Ұстазға құрмет көрсету – көрегендіктен» деген тамаша сөз бар. Алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың: «Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі», – дейтіні содан болса керек-ті. Жарты ғасыр бұрын ұшқан білім ордасына шәкірттік ілтипатын білдіріп, ұстаздарға құрмет көрсете келген мектеп түлектерінің азаматтық ісінен елшілдікті танып, марқайдық, масаттандық. «Қайран, уақыт-ай! Оқушылардың барлығы білімді, тәртіпті болды. Кеше ғана тай құлындай тебісіп жүрген балалар бүгін ел ағасы болды. Бәрі бір-бір әулеттің тұтқасы. Шәкірттерімнің жетістіктеріне қуанып отырамын», – деді өз сөзінде ардагер ұстаз Умитжан Камантаевна.

Салтанатты кеш соңында жүргізушілер қонақтарды арнайы жайылған мерекелік дастарханға шақырды. Түлектер мектеп кезеңіндегі естеліктері, өмір жолының қай арнаға бұрылғандығы, қандай қызмет атқаратындары туралы айтып, бірін-бірі көрген кезде алған әсерлерімен қатар жаңалықтарымен бөлісіп, ардагер ұстаздарына алғысын білдірді. Жылы жүздесудің аяғы естелік суреттерге түсумен жалғасып, ғибратты әңгімелер айтылды.

«Ұстаз» деген ардақты, үлкен құрметпен айтылатын сөзге ие Озерный негізгі орта мектебінің ұстаздарына елу жылдық мерейтойды жақсы атқарғандары үшін, ұжым жетекшісі ретінде, шексіз алғысымды білдіремін. Болашақ ұрпақты «Білім» атты кемеге отырғызып, ертеңге жол көрсетіп, жас ұрпақты тәрбиелеуде тек жетістікке жетіңіздер дегім келеді. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекеміз құтты болсын!


Жумабике НУРСЕИТОВА,
Озерный негізгі орта
мектебінің директоры,
Қостанай ауданы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.