Тарихта аты қалған алыптар

Выпуск - №11(608)   :   22.03.2024
238
image

Қазақ даласында дүниеге келген өз ісінің майталмандары жетерлік. Әрине, олардың жүріп өткен жолдары жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Осы орайда Дәмді ЖББ мектебінде «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» атты мәдени-ақпараттық көрме ұйымдастырылды.

Көрмені «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпес орын алған тұлғалар туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің кітапханашысы А.Жаңбыршықызымен бірлесе отырып ұсындық.

4-2-2

Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына 360 жыл, даңқты батыр, ақын-композитор Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығы, күй атасы Құрманғазының 200 жылдығы, көрнекті ойшыл-философ, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы, академик-геолог Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл, халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы, әйгілі қазақ кинорежиссері Шәкен Аймановтың 110 жылдығы, балалар әдебиетінің мұзбалағы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы, дарабоз ақын Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебіміздің шағын орталық, мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілері, сынып жетекшілер өз сыныптарымен кітаптар, басылым беттерінен алынған үзінділер, басқа да ақпараттармен бөлісті.
Әсіресе, көрмені тамашалаған көрермен QR-код арқылы жасалған сілтемелердің ішіндегі ақпараттарға қызығушылық танытты. Аталған көрменің ашылуына арналған салтанатты жиында мектеп директоры М.Кузембаев құттықтау сөз сөйледі. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысқан ата-аналар да көрмені тамашалап қайтты. «Болмасаң да ұқсап бақ», – деп дана Абай жырлағандай, оқушылардың тарихта аты қалған қазақ даласының алып тұлғаларының өмірі мен шығармашылығынан хабардар болуы олардың болашақ мамандықтарын таңдауына да себепкер болуы бек мүмкін. Сол себепті, игі іс болашақта жалғасын табады деген сенімдемін.

Бекзат НАЗАРБАЕВА,
Дәмді ЖББ мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Науырзым ауданы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.