Теннис жарысының жеңімпаздары

Выпуск - №47 (595)   :   24.12.2023
315

Қостанай қаласында өңірлік дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастыруымен, Спандияр Көбейұлының туғанына 145 жыл толуына орай, 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен облыстық мектеп лигасы өтті.

Үстел теннисі – балалар мен жасөспірімдердің арасында өте танымал, сондай-ақ оқушылардың физикалық және психологиялық денсаулығына өте пайдалы спорт түрі. Саламатты өмір салтын насихаттау, үздік шыққан спортшыларды анықтау мақсатында өткен жарыста Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі жүлделі үшінші орынды иеленді. Амангелді ауданының атынан жарысқа атаулы білім ошағының оқушылары Мейрамбек Жағыпаров, Ажар Тойшыбек, Елжан Каримовтар қатысты. Жетекшісі Думан Жұмағұлов, оқушыларды сапалы дайындағаны үшін, Алғыс хатпен марапатталды.


«Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге, мырза-ерке,
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
Ертеңгі шақыруымен әтеш құстың,
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып, терезеге сәуле түсті,
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе», – деп жырлаған өңіріміздің ұлы ұстазы Спандияр Көбейұлы. Оның өлеңдері, әңгімелері мен ертегілері – балалардың талғамына сай әрі қызықты дүниелер. Ақсуат мектебінде өмірінің соңына дейін жұмыс істеген даңқты ұстаз, белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі қазақ әдебиеті мен педагогикасы тарихында өзінің лайықты орнын иеленіп, өшпес есімі сан ұрпақтың жадыңда қала бермек.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» БЖШО
көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.