Жаңа жыл – жаңа мақсат

Выпуск - №49(597)   :   29.12.2023
314

Жаңа жыл қарсаңында С.Мәуленов атындағы гимназия қызметкерлері, ата-аналар комитеті және оқушылар жетім балалар мен ата-анасынын қамқорлығынсыз қалған балаларына арналған «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды.

Дәстүрге айналған ғажайып мереке биыл балалар үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды. Жаңа жыл кешінде Аяз ата мен ақшақардан сыйлық алып, қуанышқа бөленген балалар ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алды. Сондай-ақ, ертегі кейіпкерлері сомдалған түрлі қойылымдарды тамашалап, әркім мүмкіндігінше өз өнерлерін де ортаға салды. Жөні де, орны да бөлек әрі сән-салтанатымен, жоғары көңіл-күймен өтетін аталмыш кеш балалардың жүрегінде мәңгі сақталатындай етіп өткізу – гимназияның әкімшілігіне де, мұғалімдер үшін де үлкен міндет әрі абыройлы шаруа.

Гимназияның ата-аналар комитетінің атынан барлық тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтар, торттар, жемістер мен оқу құралдары берілді. Өз кезегінде, тәрбиеленушілер мен балалар ауылының қызметкерлері Аяз ата мен ақшақардың қатысуымен сыйлықтар мен концерттік нөмірлерге өте риза болды. Балалардың көздеріндегі қуаныш осы іс-шараға атсалысқандардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Шырша аясында балалар ерекше көңіл-күймен жаңа 2024 – жылға ерекше көңіл күймен қадам басты.

Жаңа жылдық шырша салтанаты оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген қойылымымен басталды. Иә, ұжымымыздың қамқорлығы, жылы қарым-қатынасына бөленген балалар ұстаздар назарынан әрдайым тыс қалмайды. Олардың кіршіксіз бала көңілдерін бір сәтке болса да бөліп, қуанышқа бөленгенін көру, бір бақыт! Үлкен бірлікпен, ұйымшылдықпен ұйымдастырылған осындай игі шаралар, ізгі жұмыстар Жаңа жылда да жалғасын тауып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлесімізді қоса берейік дегім келеді. 


Абылай АХМЕТЖАН,
С.Мәуленов атындағы
гимназия директорының
АКТ-жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.