Отбасы – шағын мемлекет

Выпуск - №19(466)   :   20.05.2021
296

Амангелді ауданындағы «Шұғыла» шығармашылық орталығының дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйытқы болуымен «Толағай» спорттық сайысы өтті.

Қай уақытта болмасын, отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын әркез бірінші орынға қойған.

Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шара оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру және сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтырып, спортпен айналысудың маныздылығын көрсету, саламатты өмір салтын (адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы) ұстануға тәрбиелеу мақсатын көздеді.



Халықаралық отбасылар күні қарсаңында ұйымдастырылан спорттық сайыс «Таныстыру», «Шынықсаң, шымыр боласың», «Кім жылдам?», «Білімді кенгуру», «Кім көп секіреді?», «Жеңіске жету», «Белсенділер» сынды кезеңдерден тұрды. «Спорт – денсаулық кепілі» демекші, «Толағай» спорттық сайысының қортындысы бойынша жүлделі I орынды «Жігер» тобы, II орынды «Салауат» тобы, III орынды «Денсаулық» тобы иеленді. Қызықты әрі тартысты өткен сайысқа қатысқан әр отбасылар жиналғандарға рухани және мәдени мереке сыйлады.



Қазақ танымындағы әке-шеше балаға үндейтін мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. Дана халқымыз әркез: «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», – деп отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған. «Отбасы – шағын мемлекет.

Мен – президент, сен – премьер», – деп атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов айтып өткендей, еліміздің негізгі іргесі саналатын жанұялардың берекесі бекем болсын дей отырып, Халықаралық отбасылар күнімен құттықтаймыз.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік
жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.