«Өз қолымнан жасаған мультфильмім»

Выпуск - №19(466)   :   20.05.2021
280

Дәл осындай тақырып аясында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық сырттай байқау болып өтті.

Анимация құралдары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Қиялдан туындаған мультфильмдер арқылы балаларды қызықтырып, көздің жауын алатын таңғажайып туындыларды жасайтын адам – суретші-мультипликатор. Болашақ мультфильм кейіпкерлері солар салған суреттермен жанданады. Ол, әрине, оңайлықпен жасала салатын жұмыс емес. Себебі мультипликатор маман кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстарын қиыннан қиыстырып, көптеген суреттерден құрастырады. Он минуттық мультфильм үшін жобамен 115 мың сурет керек екен. Сондықтан да оны өте күрделі жұмыс деп бағалауға негіз бар. Сондай-ақ ол бір адамның ғана қолынан келе қоятын іс емес. Қазіргі уақыт талабына сай заманауи құрылғылар арқылы сан түрлі мультфильмдер түсірілуде.
Атаулы байқауға «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Балақай» қуыршақтар үйірмесінің оқушысы Ғибрат Меңдібаев «Үйшік» мультфильмін жасап, қатысты. «Үйшік» ертегісі қойылым желісі арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, кешірімділік пен кішіпейілділікке тәрбиелеуге шақырады. Жалпы мультфильм көлеңкелі қуыршақтар арқылы түсірілгенін айта кеткен ләзім. Тартысты сайыс нәтижесінде ол жүлделі II орынды иеленді. Ал шәкіртін сапалы дайындағаны үшін жетекшісі Әнет Жұмабек Алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз!

Еркінғазы АЙТБАЕВ,
«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығы
«Жас тұлпар» ақындар
үйірмесінің жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.