Жаңа жылдық сиқыр

Выпуск - №49(597)   :   29.12.2023
841

Жаңа жыл жақындаған сайын қағаз снежинкаларға шұғыл қажеттілік туындайды. Себебі олардың көмегімен пәтердегі терезені, шыршаны безендіруге болады. Тек снежинкаларды жасау үшін дұрыс материалды таңдау маңызды.

«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жұлдыз» клубының қатысушылары үшін «Жаңа жылдық сиқыр» тақырыбында снежинкаларын жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Снежинкалар арнайы дағдыларды қажет етпейтін безендіру. Кітапханашы іс-шараға қатысушыларға қағаздан снежинкалар жасауды ұсынды, алдымен шаблонды қалай жасау керектігін көрсетті, артынша снежинканы өрнектеп кесіп, дайындады. Қарапайым және шын мәнінде күрделі әртүрлі үлгілер ұсынылды.

Қағаз снежинкалар жаңа жылдық мерекені тамаша безендіруге мүмкіндік береді. Кейбір адамдар үшін бұл – мерекенің міндетті атрибуты саналады. Осындай қолөнер туындысының көмегімен бөлмеңізде ертегідегідей нағыз сиқырлы атмосфераны жасай аласыз. Бір қызығы, тек қиялдың еркіндігін қажет ететін мұндай декорларды жасау қиын емес. Оған балалар шеберлік сабақ барысында көз жеткізді. Олар бұл процесске қызығушылықпен қатысып, қуана-қуана өз нұсқаларын да ұсынды.


Ғалия АЯЗБАЕВА,
«Станционный» к/ф
кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.