Ерікті болу – өз еркің

Выпуск - №36 (584)   :   29.09.2023
702

Жақсылық жасау, жығылғанға сүйеу, жылағанға тіреу болу – кез келген адамның қолынан келетін іс. Тіпті бұл қазақ халқының өмір заңдылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сіңіп кеткен дүние десек те болғандай.

Мұны біз алыстан сұлбасы көрінген қарияның жүгін көтеруге асығатын баладан немесе жасы кішіге ізет білдіріп, үлкенге құрмет көрсетіп жүрген жастардан аңғара аламыз. Қазіргі таңда жақсылық жасаудың осынау үлгісі мемлекеттік маңызға ие болып, оған үлкен мән берілуде. Хәкім Абайдың он төртінші қара сөзінде: «Нағыз жүрек ісі – рақымдылық, мейірбандық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай болса игі еді», – делінген.

Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде сондай жақсылық жасауға асық жастардан құралған Колледж еріктілерінің жаңа құрамасының алғашқы танысу отырысы өтті. Түсіндірме отырыс барысында ерікті ұғымы жайлы, еріктілер қандай жұмыс атқарып, не істейтіні жайлы толық мәлімет берілді. Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде сөз сөйлеп, білім алушыларды жан-жақты болуға шақырдым. Еріктілер клубның жетекшісі Индира Қалыбай әр түрлі тренинг көрсетіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұстанымды ұран етіп, еріктілерімізді белсенді болуға шақырды.

Артынша слайдтан еріктілер тобының жұмысы көрсетіліп, толық түсіндірілді және алдыңғы жылдағы волонтерлардың атқарған еңбектерін таныстырып өтті. Жақсылық жасау – жүрегі жылы әрбір адамның қолынан келеді. Біз жақсылық пен қайырымдылықты жасаған сайын бақытты қоғамның босағасын бекітеміз. Сондықтан жақсылық жасауға асығайық, жас достар!


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.