Ұмыт қалмасын ұлттық ойын

Выпуск - №12(609)   :   29.03.2024
249

2

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, «Серіктестік алаңы» жобасын іске асыру аясында, Жол картасының іс-шаралары шеңберінде Қостанай гуманитарлық колледжіне тәжірибе алмасу дөңгелек үстелін ұйымдастырды.

Ұлттық ойындар өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі саналады. Ол атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақ әдебиетінің жарқын тұлғасы Мағжан Жұмабаев ұлттық ойындарды «халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтырудың негізгі элементі» деп бағалаған.

1

Жалпы «ұлттық ойындар» ұғымы – әр халықтың төл дүниетанымынан, жағырапиялық жағдайларға бейімделуінен, ел мен жерді сыртқы жаудан қорғау дайындығынан негізгі ақпар береді. Бағзыдан бері сайын дала төсінде мекендеген сан алуан тайпалар мен мемлекеттердің бүгінгі мұрагері қазақ халқының күнделікті өмір салтында ойын әрекеттерінің орны қашанда ерекше болған.

3

«Қазақтың ұлттық ойындары арқылы саламатты өмірге тәрбиелеудің мүмкіндіктері» тақырыбында колледжде өткен іс-шара негізінен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының құзыреттілігі бойынша өзара оқыту, тәжірибемен алмасу мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстелді әдіскерлер Насрединова Акжаркын Есеметовна мен Ербосынова Фариза Ерханқызы екі колледждің білім алушыларына оқу қызметі кезінде ұлттық ойындарды қолданудың әдіс-тәсілдерін, ережесін, қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті.
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі – мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмаған. Сол себепті, тағылымды жиынның соңында белсене атсалысқан білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. «Серіктестік алаңы» жобасы бойынша әлеуметтік серіктестігіміз алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бақытира НУРГАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің оқу өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.