Ынтымағы жарасқан отбасы

Выпуск - №49(597)   :   29.12.2023
370

А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының 35 жылдығы және оның ҚР-да ратификациялануының 30 жылдығына орай, «Үндестік» жобасы аясында «Талантты отбасы» байқауы өткізілді.

Ата-аналар мен оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, «Бала құқығы конвенциясының 35 жылдығына» арналған іс-шара аясында өтіп жатқандығын ескеріп, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттауды мақсат еткен шара ата-аналардың мектеппен және басқа да ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыруды көздеді. «Мектеп-отбасы-бала» қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру де негізге алынды.

Байқауға мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларының ата-аналары өз отбасымен белсене атсалысып, бар өнерлерін ортаға салды. Отбасылар үш кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик болса, екінші – «Талантты отбасы» кезеңінде қатысушылар өнерін көрсетті. Соңғы «Сөз тап» ойынында бала мен ата-ананың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек еді. Осы өткізілген кезеңдердің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы қатысушылардың ішінен үздік отбасыларды анықтады.

Осылайша, тартысты сайыс нәтижесінде Бас жүлдеге – Сыздыковтар отбасы, 1-орынға – Талкеновтар отбасы, 2-орынға – Таурбаевтар отбасы, 3-орынға – Қасқырбаевтар отбасы лайық деп танылды. Байқау қатысушылары ұйымдастырушыларға қызықты іс-шара үшін алғыс айтып, өз пікірлерін білдірді және осындай іс-шаралардың балаларды тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталып, баланың дамуындағы отбасының рөлін атап өтті.


Нургуль КАТЕШОВА, 
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның
«Отбасымен кездесу»
клубының жетекшісі,
педагог-сарапшы,
Арқалық қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.