Кіші Отанның тарихи тұлғалары

Выпуск - №48(343)   :   10.12.2018
336

Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Каменс­корал орта мектебінде аудан көлемінде «Кіші Отанның тарихи тұлғалары» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – туған жердің тарихын жаңғыртып, келер ұрпаққа үлгі етіп, жеткізу.

Аталмыш шараға Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Марлен Саркенов, білім бөлімінің әдіскері Мақтагүл Ахметқалиева, ауыл әкімдері, ақсақалдар мен әжелері  және т. б. қонақтар қатысты.

Бағдарлама Каменскорал және Сосна ауылдық округтерінің  атақты, тарихта із қалдырған тұлғалары, Еңбек Ері – Сайран Бұқанов пен Камшат Дөненбаеваның еңбек жолы жайлы ақпаратты Сосна орта мектебінің оқушылары ортаға салды. Келесі кезекте Г.Н. Киселева, бастауыш сынып мұғалімі, мектебіміздің түлегі, білім озаты Александра Суслованың өмірбаяны мен шығармашылығын  ұсынды.

Мектеп директоры, тарих пәнінің мұғалімі А.К. Хусаинова ауылымыздың тумасы, суретші, келер ұрпаққа мол мұра қалдырған Анатолий Дробышев жайлы ақпаратпен, салған суреттерімен, картиналарымен таныстырды.

МАД тобының тәрбиешісі Н.А. Паланская мектебіміздің түлегі, мүсінші Адиль Чутаев туралы және өзім мектеп мұражайы, ауған соғысына қатысқан Виктор Дейкун және Ұлы Отан соғысының ардагері, атам Зияш Түлкібаев жайлы сөз қозғадым.

Мерекелік іс-шара оқушылар дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.


Айдана ТҮЛКІБАЕВА,
Каменскорал ОМ
тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Меңдіқара ауданы

Реклама