Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа белесі

Выпуск - №25(320)   :   29.06.2018
780

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдардағы атқарылатын міндеттер туралы айтылды. Солардың бірі латын қарпіне көшу.

Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында білім ордамыз­дың бастауыш сыныптарына арналған «Қазақстанда түркі алфавиті мен жазуының даму тарихы» атты тақырыпта ақпараттық сағат өткізілді. Оқушылардың латын әліпбиі бойынша алғашқы түсініктері қалыптасып, білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізе алатынымызды түсіне білді. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни, ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады.

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтарын қоя білді. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген латын әліпбиімен танысты.

Шәкірттер латын әліпбиінің әріптерінен жаңа сөздер құрастырып, үлкен қызығушылықпен қатыса білді. 

Л.УРИСТИМБАЕВА,
№2 ОМ кітапханашысы
Федоров ауданы


 

Реклама