Өткен тарихымызды қайта жандандыру

Выпуск - №44(339)   :   12.11.2018
354

Рухани жаңғыру – көне замандардан қалған салт-сананың, ескі дәстүрлердің, тарихымыздың, ұлттық болмыстың қайта жаңғырар жолы. Бұл ата-бабамыздан бойымызға дарыған сананы қайта жаңғырту, заманның дамуына сай жаңаша бағытта қалыптасу деген сөз.

Жалпы, жаңғыру бұл жандандыру мен даму үрдісінде мемлекеттік жүйенің тек жай ғана қайта жүзеге асуы емес, оның жаңғыру мен даму элементтерін ендіре отырып қайта құрылуын білдіреді. Елбасының рухани жаңғыруға, білім мен мәдениетке, тарихқа маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Нәтижесінде қоғамның ұлттық мәдениетінің өсуі, сая­си қажеттіліктерге, әрекеттердің тиімділігі көтеріледі.

Елбасы бұл мақаласындағы негізгі басты ойы – мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарына еніп, көнеден қалған өсиетімізді жаңаша өзгерту деп білемін. Әрине, бұл оның «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген сөздерінен айқын көрініп тұр.

«Қорқыттың күйлері мен Махамбеттің жерін қорғау­дағы батырлығы, Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жыр­лары, бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдение­тіміздің бір парасы ғана». Осы сөзде ұлттық мәдение­тіміз бен әдебиетімізді жадында сақтап қана қоймай, барша көрші мемлекеттерге насихаттау-
ды ерекше мән берілген. Қазіргі таңдағы бас­ты мақсат – дамыған елдің қатарына кіру, сол мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сонау батыс, шығыс тағылымдарын да, елінің мұңын зарлап өткен Дулат, Шортанбай шығармаларын да, одан бөлек Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім тағылымдарын да рухани құндылыққа үлкен мән берді. Абайдың «бес нәрсеге ғашық болып, бес нәрсеге асық бол» деген өлеңі бәріміздің санамызда болуы керек.

Еліміз мықты, жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін өз көзқарасымызды жандандыруымыз керек. Шаңырағы биік, аспанда асқақтаған туы бар ел әрқашанда бірлігі жарасып, ынтымағы нық бола бермек.

Сафура ТІЛЕКЕШЕВА, 
Естай Есжанов ат. 
№9 ОМ
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәні мұғалімі,
Жітіқара қаласы

Реклама