Рухани жаңғыру – сананың кемелденуі

Выпуск - №23(318)   :   15.06.2018
340

Заман талабына сай мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру аясында оқушылардың рухани дамуы тұрғысында біршама жұмыстар атқарылуда. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі алты басымдығын жүзеге асыру үшін алты арнайы жоба белгіленгенін назарда ұстай отырып, осы бағыттағы шаралар негізінде жұмыс жасаудамыз. Тарқатып айта кетсем, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі» сынды бағдарламалар мектебіміздің жоспарына енгізіліп отыр. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. 

Қазіргі таңда мектептегі оқушылардың жасы әртүрлі. Бас­ты мәртебесі, айталық басым көпшілігі – жұмысшылар. Яғни, біздің мектебіміз – жұмысшы еңбек жастарының мектебі. Жас ерекшелігіне қарамастан осы бағдарлама аясында мектебімізде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы», «Атақты жерлес­тер» атты жобалар сайысы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды. Туған жер! Әркімге өз туған жерінің мұралары қымбат. Осы орайда «Өлкетану» жобасының аясында мұғалімдер мен оқушылар қалалық өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Қайырымдылық шарасы да жандана түсуде. Мәселен, «Кішкентай достарына мейірімді жүрекпен» атты мейірімділік шарасы ретінде балалар үйіне де барып, мейірімділік аңсаған жүректерге тарту таратты. Сондай-ақ, өзім «Қазақстанның экологиясы» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Жаңа технология­ны пайдалану сәтімде шәкірттердің сабаққа қызығушылығы менің көңілімді өсірсе, оқушылар өздеріне тың мағлұматтар алғаны анық. Келешекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы тек осы шаралармен шектелмейді. Мектепте бұл бағыт бойынша сабақтарда және сабақтан тыс жұмыс жүргізуге дағдыланып алдық. Өйткені, баланы өз туған жерінің танымал тұлғаларымен, яғни, саналы азаматтардың еңбегін үлгі ете отырып, тәрбиелеуден көп нәрсе ұтатынымыз анық деген пікірдемін.

Балжан КРЫКБАЕВА,
Кешкі ОМ қазақ тілі мен
 әдебиеті мұғалімі 
Рудный қаласы

 

Реклама