Рухани құндылыққа тәрбиелеу

Выпуск - №42(337)   :   28.10.2018
267

Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы дүйім елге рухани серпіліс жасап, баршаны ұмыт бола бастаған асыл құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, құндап-қастерлеуге үндеді.

«Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», – деді Елбасымыз өзінің тамыры терең тарихи мақаласында. Ғасырлар қойнауында қалып, көмескілене бастаған салт-сана, ұлттық болмыс, тағылым-тəрбие сынды рухани нəрлі қасиеттер үстемдік алса, рухтың сілкінуіне ықпал жасамақ.

Қазіргі таңда қоғамда еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей бағыт берудің қажеттілігіне басты назар аударылуда. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған.

Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретінде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне бойынан табылады.

Сәт сайын дамыған заманда бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру үшін біз ең алдымен өзіміздің ата-бабамыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді аялай отырып, келешек ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуіміз қажет. Заманауи білім берудің басты тетігі жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. Тәрбие тамыры – халық даналығында. Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беруде бабалар дәстүрін өнеге етудің тәрбиелік маңызы зор. Қоғамда ұлтжандылық байлықтан да жоғары бағаланады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған.

Адамгершілік – адамның рухани байлығы. Адам ортада жақсы қадір қасиетімен, адалдығымен, шыншылдығымен, қайырымдылығымен бағаланады. Әрбір баланы ата-ана, ұстазымен қатар, араласатын ортасы да тәрбиелейді. Сол себепті, баланың қандай ортада жүргеніне аса ден қойып бақылап отыру қажет. Отбасында, мектепте алған тәрбие болашақ тұлғаның үлкен өмір жолындағы жаназығы. Адамгершілік нормаларын тек жаттап алу жеткіліксіз, оны електен өткізіп, бастан кешіру қажет.

Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан алшақтатпайды, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып, оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал етеді. Ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тарихы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.

Таңсық КҰСАЙЫНОВА,
Қазақстан агротехникалық колледжі
қазақ тілі мен әдебиет 
пәнінің оқытушысы,
Қарабалық ауданы

Актуально

Реклама