Рухани жаңғыру – ел тірегі

Выпуск - №43(338)   :   02.11.2018
1141

Рухани жаңғыру – еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде мектеп үшін айрықша мүмкіндіктер кеңістігіне айналуда.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы – келешек ұрпақты кемел білімге бастайтын үлкен мүмкіндік. Біздің ең биік мақсатымыз – болашағы жарқын білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру – мектептің алдына қойған басты мақсаты деп білемін.

Әр үйдің үміті болған жас­өспірімді отансүйгіштікке, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру мектеп табалдырығынан бастау алуы қажет. Осы орайда, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда еңбегімді еселей түсудемін. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп.

Туған жер. Отан. Қазақстан. Осы сөздерде қаншама мағына жатыр десеңізші. Бағдарлама аясында отансүйгіштікті, елжандылықты бала бойына бастауыштан бастап сіңіру мақсатында сынып сағаттарын рухани жаңғыруға жоспарлап отырмын. Әрбір сынып жетекшінің «Мен патриотпын», «Мен елімнің қорғанымын» бейне сабақ, «Рухани жаңғыру жа-
зудан басталады», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы», тақырыбындағы өткізген сынып сағаттары әр оқушыға бойтұмардай ой тастағаны анық. Міне, рухани жаңғырудың жарқын жолындағы осындай игі қадамдар әрбір баланың бойында туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні кәміл.

Осы орайда «Баланы ұстаздың өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек» деп Мағжан Жұмабаев айтқан даналық ой бүгінгі білімді ұрпаққа дәл келіп отыр. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – мектептегі тәрбиеленіп жатқан балдырғандарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін. Олай болса, алғашқы нәтижемізге қуана отырып, еңбегімізді еселей берейік.

Тоқжан ОМАРОВА,
Половников ОМ
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы 

Реклама