Рухани жаңғыру – жас ұрпақтың дара жолы

Выпуск - №41(336)   :   24.10.2018
411

Соңғы кезде ғылым мен техниканың дамуына байланысты елімізде көптеген бастамалар қолға алынып жатыр.

Әлеуметтің тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолында да тындырылған іс аз емес. Елбасы жолдауы осы кезге дейін атқарылған жұмыс­тарды одан жалғастыруға берілген бағдар. Ал, сол істер бүгінгі рухани жаңғыру идеясымен ұштастырылса тіптен нұр үстіне нұр құйылғандай.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Естай Есжанов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының қосып жатқан үлесі көп.

Жақында мектеп ішінде «Мен – елімнің патриотымын» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың бәрі қызыққа толы әрі мазмұнды. Мәселен, 6-сыныпта сабақ пікірталас түрінде ұйымдастырылды. Әр бала белсенділігін, қызығушылығын таныта отырып, бойларында патриоттық, эстетикалық, отансүйгіштік қасиеттері бар екенін көрсетті.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея­сы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдас­тыру» жобасы шеңберінде мектебімізде ел бірлігін сақтау, достық қарым-қатынаста болу, татулықты нығайту жұмыстары да көптеп атқарылып келеді.

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді ұстаздар қауымы, ең бастысы, ата-аналар болып қолға алсақ, болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтеуге тәрбиелеу – баршаға бірдей міндет.

Гульзира ЮСУПОВА,
№ 9 ОМ бірінші санатты
физика пәнінің мұғалімі,
Жітіқара қаласы

Реклама