Суреттер ізіменен

Выпуск - №24(319)   :   22.06.2018
385

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзегі асыру мақсатында балаларды патриоттыққа тәрбиелеу, кіші Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттырып, ауылдың құрметті адамдарының өмірімен таныс­тыру мақсатында іс-шаралар жалғасын тауып келеді.

«Отбасылық суреттердің іздерімен» атты шара біздің еліміздің көркеюі мен дамуына өз өмірлерін аямай, көп үлес­терін қосқан құрметті жерлестеріміздің өмірбаяндарына бағытталған. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 7-11 сынып оқушыларымен өткізілді. 

Дөңгелек үстелдің арнайы қонақтары Әсия Даулетбаева, Рсалды Кыстаубаева, Ұрқия Акпбаева болды. Нұргүл Қойшықызы оқушылармен «Блум түймедағы» тренингін өткізді. Онда балалар отбасы туралы ойларын айтты. Диана Бисенбаева «Әуесхан ағай туралы естелік» атты презентациясымен таныстырды. Аружан Хусаинова отбасындағы ананың рөлі бөлек дей отырып, «Әсия әже туралы» шағын өмірбаянмен таныстырды. Мадина Жақсалыкова өзінің дайындаған «Рсалды әжейдің өмірлік жолына саяхаттау» презентациясын көрсетті. 

Кейін оқушылар мен әжелеріміздің арасында әңгіме құрылып, әжелеріміз өткен өмірлерінен қысқаша естеліктерін айтып, кішкентай кезіндегі қиыншылықтарын, басынан кешкендерін еске түсіріп, көңілдері босап, көздеріне жас алды. Сұхбат аяғында әжелеріміз ақыл-кеңес бере отырып, өздерінің ақ баталарын тарту етті.

Ботагөз ХУСАИНОВА,
Нұргүл УРМАКАЕВА,
Введен ОМ қазақ тілі 
мен әдебиеті мұғалімдері
Меңдіқара ауданы

Реклама