Жаңару арқылы айқын келешекке

Выпуск - №24(319)   :   22.06.2018
198

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан.

Мемлекет басшысы өз құжатында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Осы бағытта мектебімізде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Атап өтетін болсам, сынып жетекшілер онкүндігі аясында «Бізде жалғыз жол бар: жаңару арқылы жарқын болашаққа» атты ақпараттық-танымдық конференция өткізілді.

Шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагог, МАД тобының тәрбиешісі, 1-11 сынып жетекшілері қатысты. Басқосуда тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі – рухани-адамгершілік тәрбиесі төңірегінде сөз қозғалды. Сынып жетекшілердің танымдық қабілеттері артып, ортаға өз ойларын салды. Конференция соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Наганова қатысушыларға сертификат берді. 

Л.УРИСТИМБАЕВА,
 №2 ОМ кітапханашысы
Федоров ауданы 

Реклама