Ахмет ұрпақтары Павлодар төрінде

Выпуск - №15(361)   :   16.04.2019
997

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша XI Республикалық пән олимпиадасы өтуде. Екі күндік шеберлік сайысында журналист мамандарын дайындайтын 17 жоғары оқу орындарынан 51 студент тіркеліп, бақтарын сынауда.

Алғашқы күні «Ұлы даланың ұлағаты» тақырыбында журналистік қырларын танытатын команданың бейнеролик ретіндегі таныстырылымы көрерменге жол тартса, екінші кезеңінде тарихи тұлғалар мен ұлы даланың шежіресі, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен жастар жылындағы өзгерістер жайлы ойтолғау жазылды. Осылайша қатысушылардың жұмысын Павлодар өлкесінің білікті журналистерінен құралған топ қазылық жасап, бағалады.

Екінші күні теориялық білімдерін тексеру мақсатында екі сағаттық тестілеу жүргізілді. Қонақжай Павлодарлықтар алғашқы күннен-ақ келген қонақтарға арнап экскурсия жүргізді. Қатысушылар қала тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Осылайша, сайыскерлер Бұхар жырау мен Әлкей Марғұлан сынды қазақтың мақтаныштары туған өлке Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбетіне деген таңданысын бейнесюжет арқылы жеткізеді. Дәстүрлі шараға айналған пән олимпиадасы еліміздің түкпір-түркірінен жиналған жастардың достық мекеніне айналды.

Әйгерім ТӨЛЕПОВА,
Костанай мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының
3-курс студенті

Актуально

Реклама