Тілдік пәндердің апталығы өтті

Выпуск - №50-51 (446-447)   :   27.12.2020
639

Жастардың үш тілге (қазақ, орыс, ағылшын) деген ынтасын жандандырып, тілге деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында Қостанай қаласындағы ауылшаруашылық колледжінде тілдік пәндердің апталығы өтті.


Әдістемелік циклдік комиссияның құрамы мен іс-шаралар бағдарламасы бар бейнероликті іске қосумен басталған пәндер апталығының мақсаты: тілдерді үйренуге деген ынтаны, әдебиетті оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқытылатын пәндер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды студенттерді анықтау және олармен жұмыс істеудің перспективалық жоспарын әзірлеу. Апталық аясында ұйымдастырылған іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында әкімшілік мүшелері, ӘЦК төрағалары және жаңадан бастаған педагогтер шақырылды.
Сабақтар мен іс-шараларды дайындау кезінде оқытушылар білім алушылардың мүдделерін, олардың жеке ерекшеліктерін, шығармашылық қабілеттерін ескере білді. Презентациялар, бейнероликтер, ақпараттық-коммуникативтік ойын, денсаулық сақтау технологиялары, оқытудың жобалық әдісі, проблемалық және модульдік оқыту қолданылды. Әрбір педагог оқытудың танымдық мотивациясын қалыптастыруда, білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуде, жауапкершілікті, өзара көмек, ынтымақтастық сезімдерін тәрбиелеуде алға қойған мақсатына қол жеткізді.
Апталық барысында өткізілген іс-шаралар мен педагогтеріміз ұйымдастырған оқу қызметтеріне тоқталып өтсем. Колледжіміздегі орыс тілі пәнінің 1-санаттағы оқытушысы Л.Гофман П-2 тобында «Біздің өміріміздегі цифрлық технологиялар», қазақ тілінің оқытушысы А.Молдашев «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында сыныптан тыс шарасын өткізді. Ал оқу ордамыздың жоғары санатты оқытушы Г.Мнайдарова «Ж.Аймауытовтың «Әнші әңгімесі» тақырыбында қазақ тілінен, ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Гофман «Достоевский Қазақстанда. Хат-ш. Уәлиханов пен Ф.М. Достоевский» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Ал мен «Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет» тақырыбында қазақ тілінен сыныптан тыс шарасын ұйымдастырдым. Сондай-ақ қазақ тілінің 1-санатты оқытушысы А.Жабақовтың «Елдің сүйген, елі сүйген» атты сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.
Адам қабылдаған ең маңызды шешімдердің бірі – мамандық таңдау. Көбінесе жастар мұны жеткілікті түрде ойламайды немесе достары мен ата-аналарының қалауы бойынша жасайды. Колледж осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар берудің жаңа инновациялық тәсілдерін іздеумен айналысады. Тілдік пәндер апталығы аясында Қостанай ауылшаруашылық колледжіне кадрлар даярлау бойынша оқытушылар А.Хасенова мен А.Молдашевпен Қостанай ауданы мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдауға көмектесу үшін зияткерлік онлайн викторина форматында іс-шара ұйымдастырылды. Шараға 4 мектептің – Совхоз орта мектебі, Заречный орта мектебі, Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы, Половников орта мектебінің оқушылары, жалпы 16 оқушы қатысты. Оқушылар викторинаға үлкен қызығушылықпен қатысты, оның барысында олар әр мамандықпен таныса алды. Іс-шара бейнепрезентациямен сүйемелденді. Оқушылар әңгімені белсенді қолдап, түрлі сұрақтар қойды.
Ал апталық ақталуға жақын қалғанда ағылшын пәндерінің оқутышыларымен А.Хасенова және А.Байышева «Discussing thdifference between orqanic anb non-organic food» тақырыбында, ал қазақ тілі пәнінен бірінші санатты оқытушы Ж.Әбдіқалықова «Ы.Алтынсарин «Дүние қала етсең табылар ма?» атты ашық сабақтар өткізілді. Пән апталығының соңында ағылшын тілінің оқытушысы А.Хасенова Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған қашықтан эссе байқауын колледжіміздің 1-курс студенттері арасында ұйымдастырды.
Тілдік пәндер апталығы аясында жастарды патриоттық тәрбиелеу және студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру мақсатында байқау да өткізілді. Оған 1-курс студенттері қатысты. Конкурсқа қызығушылық танытқан студенттер қатысу үшін ағылшын тілінде өз өтінімдері мен эсселерін жіберді. Айта кету керек, студенттердің жұмыстары тақырыпты ашу, бейнелілік, мазмұндаудың мәнерлілігі, сөздіктің әртүрлілігі, сауаттылық (орфография, пунктуация), баяндаудың бірегейлігі, плагиаттың болмауы сынды бірқатар критерийлер бойынша бағаланды.

Алмагүл ЖҰМАҒҰЛОВА,
Ауылшаруашылық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы,
Қостанай қаласы

 

Реклама