Биыл атаулы күндердің бірі – Арқадағы сайын далада орналасқан Арқалық қаласының 65 жылдық мерейтойы. Соған орай «Ақбота» балабақшасында сүйікті қаламыз Арқалықтың 65 жылдығына орай макеттер сайысы ұйымдастырылды.
Балалардың өз қаласы жайында тарихи мағлұмат беру, өз мекеніне деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін арттыр мақсаты көзделді. Ата-аналар мен топ тәрбиешілер қолдауымен қаламыздың мәдени ғимараттарының макеттері табиғи материалдар мен түрлі-түсті қағаздардан жасалды. Әрбір топтан балалар ата-аналарының көмегімен бірлесіп жасаған макеттерін қорғады. «Ақбота» балабақшасының ата-аналарына балабақшаішілік қоғамдық жұмыстарына ат салысып, балабақшамен тығыз байланыста болғаны үшін, балалары мен немерелері үшін мейірімге толы жылы ықыластары үшін алғыс білдіреміз.
Іс-шара соңында қатысушы бүлдіршіндерге Мадақтама қағаздары мен Арқалық қаласының 65 жылдық мерейтойына арналған кубоктары, ата-аналарға Алғыс хаттар табысталды. Нәтижесінде 1-орынды «Алтын сақа» тобының (тәрбиешілері: Қ.Жиенбай, А.Бердешева) тәрбиеленушісі Айлин Алматова (суретте) жеңіп алды. Ал 2-орынға «Қызғалдақ» тобының (тәрбиешілері: Қ.Қайралапова, А.Дәулет) тәрбиеленушісі Арлан Ардақ, 3-орынға «Құралай» тобының (тәрбиешілері: С.Молдагалиева, А.Турланова) тәрбиеленушісі Азиз Жәнібекұлы ие болды.
«Балапан» тобының тәрбиешілері К.Сарманова мен Ұ.Боранбаева және ата-аналарына «Ақ тиін» тобының тәрбиешілері М.Базарова, С.Қайралапова, ата-аналары макеттер сайысына бүлдіршіндерін қатыстырып, ат салысқаны үшін ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттарын табыстады. Қаламыз алдағы уақытта да гүлдеп, жайнай берсін.
С.Хасенова,
А.Алидарова,
«Ақбота» б/б тәрбиешілері,
Арқалық қаласы
Литературе вообще нельзя научить, а в школе – особенно. Когда преподаёшь в школе, скажем, Толстого, главное, на мой взгляд, чтобы твой ученик не возненавидел великого классика и его героев, едва прикоснувшись к ним, не потерял их для себя на долгие годы. Для того чтобы действительно узнать Толстого, надо быть уже взрослым человеком. А пока надо постараться, чтобы от встречи с Толстым у молодого человека осталось по крайней мере радостное впечатление, ощущение чего-то светлого и во многом непонятного, к чему хотелось бы вновь и вновь возвращаться в дальнейшем… Самое страшное, что может сделать педагог – это заставлять из-под палки читать великого художника. Это профессиональное преступление.