«Otbasy Time» облыстық жобасы аясында Қостанай қаласының №9 бөбекжайында ата-аналар мен Қостанай қаласы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Анна Ивановамен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Анна Михайловна балаларды өрт қауіпсіздігіне ерте жастан бастап үйретудің маңыздылығына тоқталып, бұл жұмыстың ең алдымен ата-аналар тарапынан басталуы қажет екенін атап өтті. Балалардың отқа деген қызығушылығы табиғи екені белгілі. Сондықтан, оларды оттық, шам, тұрмыстық электр құралдары сияқты заттарды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануға үйрету қажет. Бұл мәселеге келгенде қарапайым тыйымдар немесе қорқытулар баланың қарсылық көрсетуіне және қызығушылығын арттыруға себеп болуы мүмкін. Оның орнына, балаларға нақты ережелерді түсіндіру мен қауіпсіз әрекет жасау жолдарын көрсету маңызды.
Кездесу барысында Анна Михайловна ата-аналармен бірге түрлі жаттығулар жүргізіп, күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Өрт сөндіру құралдарын пайдалану әдістерін көрсетіп, қатысушыларға арнайы жадынамалар таратты. Сондай-ақ, ата-аналармен ашық диалог жүргізіліп, өрт қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап берілді. Өрт қауіпсіздігі мәселесі – қоғам үшін өзекті. Балалардың отпен ойнауы қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сондықтан, осындай кездесулер арқылы балаларға және олардың ата-аналарына төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйрету маңызды. Бөбекжай ұжымы мұндай кездесулерді әңгімелесу, дөңгелек үстел, семинар форматында тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.
Көрнекі үгіт-насихат және әңгіме түрінде өткен бұл кездесудің соңында ата-аналар пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кейбіреулер тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойса, енді біреулері өз басынан өткен оқиғаларын айтып берді. Қалай болғанда да, мұндай жақын байланыс және ашық әңгіме іс-шараға қатысушылардың есінде ұзақ сақталары анық.
Индира ДОСАЕВА,
Гульмира КАЗГУРТОВА,
№9 б/б тәрбиешілері,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.