Бала қауіпсіздігі басты назарда

Выпуск - №7 (454)   :   19.02.2021
271

«Жұпар» балабақшасында балаларға жолда жүру ередесін түсіндіру мақсатында «Ертөстік» тобында арнайы тәрбие сағаты өтті. Жалпы бұндай іс-шара барысында әр жастағы балаға түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады.



Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке қарай, жол апаттары жиі орын алуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішке ие. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кетуі салдарынан бұзылады.
Ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, байқаулар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі. Балабақшамызда ұйымдастырылған шараның мақсаты – балаларға бағдаршамның қызметін таныстыру, оның белгілерін меңгерту. Одан бөлек жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез-құлқын, өзін-өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана-сезімін дамыту.



Тәрбие сабағы барысында балаларға жұмбақтар жасырылды. Жұмбақ шешу барысында Алдияр Достияр, Аяла Мұрат, Ілияс Қайыржан, Айсана Бейсенғали, Айару Ықылас, Аяжан Әділбекқызы тіл байлықтарын арттыра түсіп, өз білімдерін шыңдай түсті. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Бағдаршам» дидактикалық ойыны ойнатылып, бағдаршамның түстерін орнымен жапсыра білді. Шараға белсене қатысқан балалар мадақталды.

Салтанат АБДИБЕКОВА,
«Жұпар» б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама