Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
07/02/23 Вторник

Кітап патшалығына саяхат

Выпуск - №3(551)   :   24.01.2023
263

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – адам өміріндегі асыл қазынасы, сарқылмас байлығы. Руғани ләззат беретін, ұшталған қаламмен жазылған сарқырама даналық пен асыл діңгекті тәрбиенің таптырмас парағы.

Десекте жаңашылдықтың жаһанданғанның дейікпе ағымына қарай теледидар ілесті, қоғам көшіне желіктеп ғаламтор иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер едіғой дегенмен кітапқа деген қызығушылық пен баяғы кітап бетін парақтап отыратын жас бүлдіршіндерді көруді көзіміз сағынды. Деседе бұлар асыл діңгекті кітаптын орынын баса ала амайтынын әсте бәрімізге бесенеден белгілі. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді дегім келеді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы болуы әбден мүмкін немесе белсенді ғаламтор қолданушысы бірақ оның жан-дүниесінде рухани тұрғыдан кемшілік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында да, себебі басты рухани байлық – ол кітапта.

Қашанда айтылып келеді, айтыла береді. Тәрбиең тал бесігіңнен. Қазақ халқының көрнекті жазушысы М.Әуезов атамыз: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деп бар болашақтың түп тамырынан бастау алатынын меңзегені айтпаса да түсінікті. Балабақша тәрбие мен білім баспалдағына жасалған алғашқы қадам. Ойын арқылы дами отырып, өз жарқын болашағының алғы шарттарын орындап бастағайды. Рухани бай, ойын азығына қанып өскен бала, білім нәрін де бойына сусындата алады. Балабақша бар болашақтың бастау алатын қайнар көзі. Ал тәрбиеші бұлақ көзін ашар ұлы тұлға. Демек біз қайын ағашының түп тамыры секілді майысқан жас шыбықтай иілген жас бүлдіршіндер бойына кітапқа деген қызығушылық пен асыл қазынаның қайнар көзі екенін жастайынан бойларына сіңіріп, саналарына салып өсіруді мақсат етеміз. 

Қаламыздағы №13 бөбекжайы осы мақсатты алға тарта отырып, балаларға арналған әр топта «Кітап патшалығына саяхат», «Кітап-асыл қазына», «Кітап-біздің досымыз», «Кітап әлемі», «Кітап беттеріне саяхат», «Кітап білім бұлағы» атты кітап бұрышы ұйымдастырылды. Және кітаптың бар байлығы сыртындағы суретте немесе әдемі жиналған сөреде емес, ішінде екенін бүлдіршіндерге үйретуден бастады. Кіші «Толғанай» тобынан бастап, ортаңғы «Жұлдыз», ересек «Айналайын», «Құлыншақ», «Бүлдіршін», мектеп алды даярлық «Гүлім» тобына дейін ат салысты. Балаларға қол жетімді орналасқан тамаша кітап сөрелері бір-бірінен асатын бұрышқа айналды.

Тәрбиешілер, балаларға кітаптың құндылығын білгін келсе, кітапты бүлдірмей, ұқыпты, таза, жыртылмаған әдемі күйінде сақтаудан бастап, әр кітаптың өзіндік айтар ақыл өнегесі барын, сыры мен даралғы әр беттен табатыныңа қызығушылығын таныта отырып, балалрға кітаптың мазмұны мен мәніне жетер құнды дүниелерді таныстыра отырып, жас ерекшеліктеріне сай ертегілер мен аңыз әңгімелерді, қазақ халқынын ертегілері мен көрнекті жазушыларымыздың туындыларымен толтырып, оқып баяндап, тетрландырылған қойылымымен де балаларды кітапқа деген махаббаты мен қызығушылығын одан әрі оятты.

Бұлақтың көзін ашар тамаша тұлға тәрбиеші деген міне осындай болса керек. Әр туындыдағы кейіпкерлер рольіне кіріп, әр түрлі эмоция мен көңіл-күйді бір өзі қаншама тәрбиеленушісіне сыйлай алады. Жақсы мен жаман, шындық пен өтірікті адам өміріндегі маңызды құндылықты ертегі арқылы жануарлар кейіпінде таныстыра отырып, рухани азығы мен болашақ өміріне азық болар дүниемен тоғыстырды. Ата-аналармен тығыз байланыста болатын біз қызығушылық танытқан кітабын анасына беріп үйде бірге оқуларына рұқсат бере отырып, отбасы мен балабақша арықылы тәрбиелеу процессін жоғалтпадық.

«Кітап маған тақтан да қымбат», - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Ендеше жас ұрпаққа келешек елдің тұтқасын ұстар азаматтарымыз жарқын болашағымыз жас бүлдіршіндеріміздің ой санасын кітапқа деген махаббат пен білімге деген қызығушылығымен толтырсақ келер елдің болашағының түтіні түзу, еңсесі биік, тұғыры жоғары боларына біз тәрбиеші педагог ретінде сенеміз. Жас ұрпақты кітаппен дос болуға дүниенің бар азығы мен рухани байлықты әлеуметтік желімен желіген уақытты телефонға үңіліп өтумен емес, кітап бетін парақтатып азық пен біліиді тәннің рахатын кітаптан іздеуге шақырамыз.


Қымбат ОМАРОВА,
№13 бөбекжай әдіскері,
Ақмарал ТАЛҒАТБЕКҚЫЗЫ
бөбекжай тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама