«Золотой ключик» бөбекжайында 2024 жылдың қаңтар айынан бастап «Мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуының құралы – нейроойындар» инновациялық алаңында жұмыс істеу белең алған болатын.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін нейроойындарды пайдалана отырып, пәндік-кеңістік дамытушы орта құру мақсатында бір жылдық мерзімге жоспарланған эксперимент ойдағыдай жүргізіліп, нәтижесін де берді. Аталған игі бастама үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап тәрбиешілер мен педагогтердің қолдауымен жалғастырылып, қазіргі таңда жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.
Инновациялық алаңның жұмыс жоспары бойынша тәрбиеші Камила Боранбаеваның ұйымдастыруымен нейроойындар мен жаттығуларын қолдану шеберлік сыныбы мен картотека әзірлемесін пайдалануды талдау бағытындағы дөңгелек үстел жүргізілді. Тәрбиешілер мен педагогтер балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай нейроойындары мен жаттығуларын тәжірибе жүзіндегі қолданыстан өз шеберліктерін көрсетті. Шеберлік сыныбында энергия әлеуетін арттыратын ынталандыру жаттығуларын, ұсақ және ірі моториканы дамытуға арналған, сонымен қатар бұлшық ет тонусын қалыпқа келтіретін қимылды ойындарды да ортаға салып, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Картотека әзірлемелерінің таныстырылымында, ең алдымен, ата-аналармен жұмыс жүргізіліп, «Балабақшаға қолайлы нейроойындарды қалай таңдауға болады?» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында ұйғарған шешімдерімен бөлісті.
Нейроойындар мен жаттығуларын іс-әрекет барысында да, балалармен жеке жұмыста да қолданамыз. Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет барысында тақырыптарына сай балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай нейроойындарды пайдалануға болады. Нейроойындарды ойнаудың нәтижесінде балалардың есте сақтау, сөйлеу белсенділіктері мен ерікті бақылау қабілеттері жақсарады, сонымен бірге жағымды және эмоционалды көңіл-күйлері артады. Бұл жаттығулардың көмегімен қолдарына қаламды дұрыс ұстай алмайтын балаларда сенімділік және қызығушылық басымдылығы байқалады.
Нейроойындардың инновациялық алаңы бойынша көптеген жұмыстар белең алды. Ең алдымен, топтарда нейроойындардың құралдарына арналған бұрыштар ұйымдастырылды. Ата-аналарға арналып жылжымалы папкалар дайындалды. Ата-аналар жиналыстарында нейропсихологиялық тренингтер мен ойындар таныстырылды. Нейроойындар мен жаттығуларды әр тәрбиеші мен педагог ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тиімді қолдана білсе, баладағы барлық таным процестерінің ойдағыдай қалыптасуына пайдасы зор болар еді.
Анар ЖУСУПБЕКОВА,
«Золотой ключик» бөбекжайының тәрбиешісі,
Арқалық қаласы
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!
Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.
Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.