Тәрбиенің қайнар бұлағы

Выпуск - №45 (391)   :   22.11.2019
44

Ертегілер мен аңыз-әңгімелер бүлдіршіндер үшін тәрбиенің негізгі қазығы. Оны сахналау бала үшін күрделі әрекет және білімді, ақылмен ұйымдастыруды қажет етеді.

Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан басталып, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мектеп жасына дейінгі бала көрген-білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап қайтаруға дағдыланған. Сондықтан да, оларға ертегіні көп айтып, ондағы кейіпкерлермен олардың қиялына қанат бітіру, танымдық қабілеттерін жетілдіру, шешендік тапқырлыққа баулу керек.

Осы мақсатта «Жұлдыз» тобының 4 жастағы бүлдіршіндерімен «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісіне негізделген сабағын өткіздім. Сабақ барысында әр баланың сөздік қорын байыту, есте сақтап, сөйлем мен әңгіме құрастыру мақсаты көзделді. Сондай-ақ, сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды барынша тиімді пайдаландым. Ұйымдастырылған оқу қызыметі өте қызықты өтіп, келген әріптестерімнің оң бағасына ие болды. Бала үшін ертегі кейіпкерін сомдау қызықты болып, олардың бойында өзіне деген мақтаныш сезімін тудырды.


Шынар ДОСМАҒАНБЕТОВА,
«Қаламқас» балабақшасы
тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

Реклама