Тіл үйренудегі ойын тәсілдері

Выпуск - №7 (555)   :   16.02.2023
977

«Ең ұлы өнер – балалар үйренуі керек нәрсенің барлығын ойынға айналдыра алу», – деп Джон Локк атап өткендей, расында бұл үлкен шеберлікті қажет ететін іс. Тіл үйренудің ойын түрлері барлық уақытта өзекті. Олар сөздік пен грамматиканы үйренуге көмектеседі.


 
Қазақ тілі мұғалімі байланыстыратын робототехника бойынша ұйымдастырылған кіріктірілген іс-шаралар балалардың мемлекеттік тілдегі білім негіздерін аз уақыт пен күш жұмсай отырып меңгеруіне мүмкіндік береді, бұл мектепалды топтарының балғындарына сөйлеу тілін дамытуға оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар мұндай әрекеттерге ұжымдық оқыту әдісінің элементтері кіреді: фронтальды жұмыс жұптық жұмыс және шағын топтарда жұмыс. Осы аталған жұмыс түрлері баланы мектепке дайындауға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында робототехника пәнінің мұғалімі екеуміз ойындар әзірлеп, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексереміз. Біз қолданылатын принциптер: қызықтыру, ұжымдық немесе топтық жұмыс, сараланған тәсіл. Ал ұсынатын ойындарымыз – «Анасын тап», «Жол сал», «Жұмбақтың шешуін тап», «Хайуанаттар бағында», «Қазақстан бойынша саяхат». Осы аталғандардың барлығы, өз кезегінде, тілдік материалды жинақтауға, бұрын алған білімдерін бекітуге, сөйлеу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. ROBOT MUSE, ROBOT Botley жиынтықтарымен жаттығулар баланың зейінін дамытады, шаршауды басады, ақыл-ой белсенділігін арттырады ынта-жігер атмосферасын қалыптастырады.

Оқыту ойындары мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін қызықты, шығармашылықпен өткізуге көмектеседі. Сондықтан да ойын – оқыту əдісінің бөлігі. Тіл үйренуде, тіл дамытуда ойындар арнайы мақсатты көздейді. Ол баланың білім, білігін жəне дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау жəне бекіту, қимылдарды қайталау немесе тексеру сипатында жүргізіледі. Сабақты бірыңғай əдіспен жүргізу балаларды жалықтырып, пəнге деген қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен де бірсарынды баланы жалықтыратын əдістерден бас тартып, керісінше баланың ойлау қабілетін, іскерлігін дамытатындай бағытта ұйымдастырсақ игі.


Гүлдана УРКУМБАЕВА,
қазақ тілі мұғалімі,
Валентина УШЕТА,
балабақша тәрбиешісі,
«Улыбка» б/б
Лисаков қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.