«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – балабақша, отбасы және қоғам арасындағы байланысты нығайту арқылы тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына бағытталған кешенді тәрбие жүйесі.
Бағдарламаның басты мақсаты – баланың қоғамның белсенді әрі саналы азаматы болып қалыптасуына қолдау көрсету. Бұл тәрбие жүйесі балабақша, отбасы және қоғам арасындағы тығыз байланысты орнату арқылы іске асырылады. Ол тәрбиеленушілердің патриотизмін, әлеуметтік жауапкершілігін, білімге деген қызығушылығын, физикалық денсаулығын нығайтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген.
«Шапағат» бөбекжай-бақшасының тәжірибесі осы бағдарламаның тиімділігін дәлелдейді. Балабақша тәрбиеленушілер арасында сыйластық, әділдік, өзара құрмет сияқты моральдық құндылықтарды қалыптастыруға басымдық береді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары мен сәндік-қолданбалы өнер элементтері тағылым ордасының оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданылады.
Тәрбиеленушілер спорттық жарыстар мен денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады, бұл олардың физикалық жағдайының жақсаруына ықпал етуде. Сонымен қатар, балалар мәдени іс-шараларда белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап келеді. Бағдарлама балалардың жан-жақты дамуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және қоғамға деген жауапкершілігін арттыруға елеулі үлес қосты. Алдағы уақытта оның тиімділігін арттыру мақсатында жаңа әдістер мен тәсілдер енгізу жоспарлануда.
Фарида НУРГАЗИНА,
«Шапағат» бөбекжай-
бақшасының тәрбиешісі,
Қостанай ауданы, Октябрь ауылы