«Жолда жүру ережелері мектебі»

Выпуск - №41(589)   :   09.11.2023
656

Осындай тақырыпта №61 балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушылары С.Байдаулетов екеуміздің ұйымдастыруымызбен, балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында арнайы сабақ өткізілді.

Жыл сайын жол-көлік оқиғалары салдарынан балалар жолдарда жарақат алу жағдайлары көбеюде. Бұл жол жүру ережелерін білмеу немесе сақтамау салдарынан болады. Көп жағдайда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының кінәлілері жолдардың жанында ойнайтын, жолдан белгіленбеген жерлерден өтетін балалар болып саналады. Ата-аналарымен бірге қолын ұстап немесе жанында жүргенде, балалар өзнің қауіпсіздігіне сенімді болады. Ал, бала өзі жалғыз жүрсе ше? Сондықтан, балаларға жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін үйретудің маңызы зор.

Балабақшамыздың мектепалды, ересек және ортаңғы топтарының қатысумен өткен сабақ барысында балалар жолда жүру ережелері мектебіне танымдық саяхат жасап, жол инспекторымен кездесті. Жол инспекторы кішкентай бүлдіршіндерге жұмбақ жасырып, жолда жүру ережелеріне байланысты сұрақтар қойды. «Жолда бағдаршам не үшін қажет?», «Жолда қандай бағдаршамның түсіне өтуге болады?», «Неге қызыл жанғанда тоқтап тұру керек?», «Бағдаршамның сары шамы жанып тұрса не істеу керек? деген сұрақтарды ашып айтып, балалардың жолда мұқият болуын ескертті.

Балалар тарапынан да көптеген сұрақтар қойылып, өз жауабын тапты. Балғындар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындады. Сондай-ақ, балалармен жолда жүру ережесін сақтауға байланысты түрлі-түсті автомобильдер, бағдаршам, такси атты танымдық-қозғалмалы ойындар ойнатылды. Яғни, жолда жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін арттыру бойынша арнайы ақпараттық түсінік берілді. Ойынға қатысқан барлық топтардағы балалар белсенділік танытып, жақсы көңіл-күймен тарқады.


Марат ДОСОВ,
№61 балабақшаның
дене шынықтыру
нұсқаушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.