Менің ғаламторсыз бір күнім

Выпуск - №5(351)   :   31.01.2019
5541

Жуырда Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өтті. Аталмыш шараға №15 орта мектебінің оқушылары да ат салысты.


Акцияның мақсаты интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет - қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін интернет – пайдалану мәдениетін арттыру. Іс-шара бастауыш сыныптар арасында  «Менің ғаламторсыз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауынан бастау алса, 5-7 сынып оқушылары  «"Біз бақытты баламыз» атты флешмоб биледі. Ал, 5-11 сынып оқушылары  «Мен OFFLINE (оффлайн)»  тақырыбында эссе жазып, бұл күн өздерін смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтатып, тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектескенін тілге тиек етті.

Акция барысында  1-11 сынып оқушыларын қамтылды. Сондай - ақ 9-10 сыныпта ұйымдастырылған "Ғаламторсыз бір күн мүмкін және қызықты пікірталас"  тақырыбындағы дебат барысында оқушылар "Үкімет" және, "Оппозиция" тобына бөлініп, интернеттің пайдасы мен зиянын талқылады. Маңыздысы осы  тұста кейбір оқушылардың көшбасшылық қасиеті анық байқалды. Игі шара барысында ата-аналар да шет қалмады.  Әрине, балаларының смартфоннан немесе планшеттен алшақтауына келісім бермеуі әр ата-анаға таныс жағдай. «Тағы да 5 минут және болды», «Мен жаңа ғана алдым ғой» сияқты сөздерді назарда ұстанған олар интернеттің зияны туралы ащы шындықты ортаға салып жатты. Акция  «Мен OFFLINE (оффлайн)»  тақырыбындағы сынып сағаттарымен өз мәресіне жетті. Иә, шараны белсенді түрде жандандыруға ат салысқан Жұлдыз Аманбаева, Айкүміс Ашимова, Даметкен Заитова, Жанар Шагаева, Гүлдира Кудесова, Жанар Сагимбаева, жантанушы Эльмира Дощанова сынды әріптестерімді атап кетсем артық болмас. Шара барысында оқушылар  өздеріне бойтұмардай ой түйіп, ғаламторсыз да күндерін пайдалы өткізуге болатынын ұғынса, ата-аналар да  ғаламтордың  пайдасы мен зияны қатар жүретінін жадыларына түйгені анық. Олай болса, ересектер жағы да интернетке тәуелділіктен сақ болайық дегім келеді.


Роза ЖАРКИМБЕКОВА,
№15 ОМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама