Республикалық ашық сабақ өтті

Выпуск - №47(393)   :   29.11.2019
144

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағаттары мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Іс-шара Әнұранмен ашылып, Елбасының өмірбаяны туралы қысқаша мәліметтерімен жалғасын тапты. Артынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет жолын қамтитын бейнематериал ұсынылды.

Сонымен қатар, 11-сынып оқушыларының арасында тақырыпқа сай «Тілдердің үштұғырлылығы» дебат турнирі, 10-сыныпта «Елбасы – ел тірегі» викториналық ойыны, 9-сыныпта «Назарбаевтай болғым келеді» топтық жарысы, 5-8 сынып оқушылары арасында «Әлем мойындаған Елбасы», «Елін сүйген Елбасы» атты танымдық ойындар өткізілді. Тәрбие сабақтары барысында оқушылардың Тұңғыш Президент Н.Назарбаев туралы жан-жақты ұшқыр ойларын жеткізе алды. Осы тәрбие сағаттарынының тағы бір ерекшелігі – оқушылардың «Егер де мен президент болсам..» деген сауалға жауап берулері барысында өздерін елінің нағыз патриоттары екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.

Шараның арнайы қонағы ретінде Ыбырай Алтынсарин мұражайының қызметкері Балдырған Аяжанқызы, Қостанай облысының атақты айтыскер ақыны Салтанат Амантайқызы, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, мектептің зейнеткер ұлағатты ұстазы Бисенгүл Тұрсынбекқызы, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, мектебіміздің директоры Ырсалды Сиелханқызы қатысып, тақырып төңірегінде ой бөлісті.

Қонақтар Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының маңызын салмақтап, Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы, экономикалық жаңғыруындағы рөлі мен оның бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудегі қызметі жайлы сөз қозғады.

Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы

Реклама