ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Ақпараттық технологияларды пайдаланып, оны жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Әр халықтың өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті нәтижеге көтеру, мектеп ұжымының ең маңызды бағыты деп есептеймін.
Қостанай облысы, Глазунов орта мектебінің ұстаздар қауымы әркез шәкірттерін ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай келеді. Сондықтан да оқу ошағымыз облысымыздағы ең жабдықталған мектептер қатарында. Ауыл мектебі болса да оқу кабинеттерінде интербелсенді тақта орнатылған. Бұл құрал оқушылардың ойлау және ойын түсінікті түрде жеткізу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз етсе, қазіргі таңда заман ұстаздан тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, ақпараттық сауаттылықты да талап етеді. Ол заман ағымына қарай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылығымен оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Жаңа технологияның бізге ұсынған тағы бір жетістігі – электрондық оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытады. Компьютерлерге электрондық оқулықтар орнатылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып отырады. Сонымен қатар, білім беруді басқару ұйымдарына арналған Кundelik.kz электронды журнал уақытында толтырылуы жөнінде аудан бойынша алдыңғы қатарда келеді. BilimLand білім порталын пайдалану бойынша көрсеткіш нәтижесі жақсы.
Жыл өткен сайын өмірдің өзі жаңа бағытта, жаңа өзгерісте. Бір сөзбен айтқанда «компьютер заманы». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқандай «Заманның ағымынан қалмай алға қарай ілесе беру керек» деген сөздерінің өзінде қаншама мағына жатыр десеңізші!
Мектебімізде 2016-2017 оқу жылынан бастап «Робототехника» факультатив курсы өткізілуде. Бұл курс оқушылардың озық технологияларды меңгеруіне, практикалық дағдыларға ие болуына мүмкіндік туғызады. Робототехника – роботтың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы, яғни, бірнеше пәннің үйлесім табуы. Бұл сала тек роботты құрастыруды қарастырмайды. Сонымен қатар, бағдарламалау, инженерлік, дизайнерлік білім мен физика, математиканы меңгеруді талап етеді.
Оқушылар жан-жақты ізденіп, білімдерін кеңейтеді. Әрбір роботтың өзіне тән берер пайдасы, өзгешелігі мен ерекшеліктері бар. Робототехника – елімізде қарқынды дамып келе жатқан инновациялық сала.
Қостанай ауданы мектептері бойынша «Lego» конструкторы (құрастырмасы) біздің мектепте де бар. Бұл да болса оқушылардың әрі қарай жетістікке жетіп, ғылымға баулудың қайнар көзі. Роботты техника бойынша облысымызда алғаш ұйымдастырылған роботты техника бойынша олимпиадада 9-сынып оқушысы Асқар Жұмаш ІІІ орын иеленді.
Мектебімізде информатика пәнінен «Қосымша білім беру үдерісіне робототехниканы енгізу» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинардың негізгі мақсаты – роботты пайдалана отырып, алгоритмдер мен бағдарламалау негіздерін үйрену үшін жағдай жасау, бастапқы инженерлік жобалау және робототехника негізін интеграциялау процесінде өз жұмысын ұйымдастыру арқылы баланың ғылыми-техникалық, шығармашылық әлеуметін дамыту.
Жиында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Аяндина Айман Серікбайқызы 5-8 сыныптар арасында «Тапсырмалар мен жобалар бойынша бірлескен жұмыс» тақырыбында екі тілде (қазақ-орыс) сыныптан тыс факультатив сабақ өткізді. Айман Серікбайқызы талмай еңбектеніп жүретін, білімді де жан-жақты ұстаз. Еңбектерінің арқасында оқушылары аудан, облыс көлемінде танылып жүр. Сабағы жоғарғы деңгейде өткізілді.
Шарада оқушылар өздеріне жүктелген траектория бойынша лего машинасын құрастырып, жүргізіп шығарды. Робот істеу әр адамның ойлай білуіне байланысты. Мұнда ең маңыздысы мақсатқа жету. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін ең алдымен бағдарлама жазылады.
Роботты құрастыру оңай болғанмен, бағдарламаға келгенде қиындықтар болады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Семинарда оқушылардың жұмысы жоғары бағаланып, мультимидиялық жобалардың аудандық фестивалінде 9-сынып оқушысы Ернар Сапабек І орын иеленіп, облыстық кезеңнен дипломмен марапатталды.
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни, жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеті.
Дариға Берсүгірова,
Глазунов ОМ қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімі
Қостанай ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.