Рудный қаласының «Горняк» мәдениет үйінде «Ғибратты қазына» атты рухани кеш өтті. Мұсылман жамағаттың басын қосқан игі шара дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, халықтың діни сауатын арттыруға бағытталды.

Басқосуда облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы ислам дінінің кіршіксіздігі, қазақ халқының тарихи ұстанымы жайында жан-жақты түсіндіріп берді. «Ұлтымыздың ғасырлар бойы сана-сезімдеріне сіңіп, салт-дәстүрі болып қалыптасқан діни ұстанымдарының орны ерекше. Себебі бұл қазақтың ұлы ағартушыларының, ақын-жазушыларының шығармашылығына арқау, аманат болып жеткен асыл қазынамыз. Осындай қазынамыздың, ұлтымыздың шырқын бұзуға, тіпті кешегі отаршылдық саясаты да залалын келтіре алған жоқ. Бүгінгі жастар ата-бабаларымыз ұстанған сол бағыттан таймаса еш адаспайды, – дейді ол.
Бүкіл ел болып қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын думандатуымыз тегіннен емес. Абай қазаққа ақ пен қараның аражігін ажыратуды, имандылықты берік ұстануды, көркем мінезді болуды дәріптеп өткен жанашырымыз. Сондықтан оның ұрпақтан-ұрпаққа өсиет болып келе жатқан тағылымын осындай ғибратты кешке арқау ету – орынды. «Ғибратты қазына» кешінде сөз бастаған әрбір адам Абай даналығын тілге тиек етті десем, артық емес. Сондай имандылыққа шақыратын өлеңдерінің ішінде «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты туындысы бүкіл адамзатқа үн қатып тұрғандай.
Әлбетте, оны нақышына келтіріп орындаған, жиынға келген жамағаттың көздеріне жас үйірткен Рудный индустриалдық институтының студенті Тимур Дүйсенбаевқа, қаламыздағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушылары Әсет Тұрды мен Дана Бакироваға, сондай-ақ оларды осындай кешке аса ыждағаттылықпен дайындаған тәлімгері Қымбат Бірмановаға алғыс айтқым келеді. Ал кешті ұйымдастырушы «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиевке, Рудный қаласының әкіміне, «ССКӨБ» АҚ басшылығына ризашылық білдіреміз. Жастарды тура жолға бағыттап, салиқалы ой салатын осындай шаралар көбейе берсін деген ниетіміз бар.
Жанна ЖАҢБЫРШИНА,
Рудный қалалық тілдерді
оқыту орталығының
басшысы
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!
Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.
Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.