Тәрбие талбесіктен басталады

Выпуск - №11 (458)   :   22.03.2021
5340

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында елімізде таяу жылдарда атқарылатын бірнеше міндеттерді нақтылап көрсеткен болатын.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бар. Осы тұста балабақшаны – оқу-тәрбие жұмысының тал бесігі деуге болады, сондықтан тәрбиенушілерді ата-баба салт-дәстүрімен, қолөнерімен таныстырып, мүмкіндігіне қарай үйрету – біздің абыройлы борышымыз деп білеміз.
Бала балабақшадан өзінің отбасына кешкітұрым барғанда, телеэкранға немесе ұялы телефонға көз майын тауысқанша отырғаннан гөрі кеңес беру арқылы – жүн түту, ою оюуды, одан не нәрсе жасалатынын ата-анасы көрсетіп, әңгімелесіп отырса, баланың ой-өрісі тез қалыптасатына сөз жоқ. Осындай жағдайда, біріншіден, бала мен ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы бекемделе түседі, екіншіден, баланың жүн түтіп, еңбек етуі оның денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Өйткені жүн түте отырып, баланың саусақ бұлшық еттері дамиды, үшіншіден, баланың мінезі төзімділік пен шыдамдылыққа бейімделе түседі.
Ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымызды бүлдіршіндеріміз біліп қана қоймай, бойына сіңіріп өссе біздің жұмысымыздың нәтижелі болғаны деп санаймыз. Біздің №61 балабақша ұжымы Елбасының жоғарыда атап өткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ең алдымен тәрбиешілеріміздің өздері ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді, қолөнерімізді қайта жаңғыртуды қолға ала бастады. Күннің екінші жартысында балаларға ұмыт болып бара жатқан құндылықтарымыз жайлы кеңінен таныстырып, көрсетіп, үйретіп жұмыстар жүргізудеміз.


Айнұр ТОРИНА,
Гүлмира ҚАБЫЛДИНА,
№61 б/б тәрбиешілері,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!

Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.

Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.