Рухани байлығымызды насихаттау

Выпуск - №8 (455)   :   26.02.2021
5798

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақаласы негізінде жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мақсатында мектебіміз 11 арнайы жоба аясында жұмыс атқарып келеді.


Оның ішінде қызығушылықты арттыратын жобалар – «Дәстүр мен ғұрып», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Отаным – тағдырым», «Өркендеу» және «Өлкетану». Барлық жобаларды да жоспарға сай жиілікпен қамтып отырамыз. Ата-аналар мен оқушылар да белсене қатысып отырады. Әр аптаның жұмасы «Ұлттық киім» күні болып белгіленді. Сондықтан оқушылар, мектеп ұстаздары мен қызметкерлері ұлттық шапан, қамзол және қазақша көйлек киеді.



Атадан балаға мирас болған қазақы ұлттық тәрбие, озық салт-дәстүрлер ата-аналардан жасақталған «Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептері «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» арқылы озық салт-дәстүрлер жас ұрпаққа үйретіледі. Нәтижесінде жас ұрпақтың бойына отбасылық құндылық бағдары мен құрметі қалыптасады. Әке – отбасының басшысы, ол – отбасылық озық салт-дәстүрлерді сақтауға жауапты. Ұлттық балабақшаларда сәбидің тілі қазақша шығып, ана тілінде сөйлейді. Отбасы мен балабақшада ұлттық тәрбие беріп, ұрпақтардың рухани жалғастығын қалыптастыру үшін үйде де, балабақшада да сәбидің тілі қазақша шығуы міндетті.



Сәбилер арасында әлеуметтік, мүліктік, басқа да өзгешеліктерді жою үшін ауыл, қала балабақшаларында бірыңғай балабақша формасы міндетті. Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Тәрбиешінің де ұлттық нақышта бірыңғай киім үлгісі болғаны жөн. Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылының негізгі орта мектебі 2020-2021 оқу жылында «Өркендеу» арнайы жобасының «Ана мектебі» бойынша жұмыс істеп келеді. Ол үшін арнайы тәлім-тәрбиелік бағыттағы жоспар құрылып, түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде.


Атап айтар болсақ, ананың балаға тоқуды, тағам пісіруді, шаш өріп, шашбау тағуды үйретуі және басқа да шаралар қолға алынуда. Мысалы, Ирина Могила қызы Ксенияға тоқуды үйретті. Қыз балалар шаш өруді, атап айтқанда 9-сынып оқушылары Гауһар Сапабек құрбысы Жанерке Искендированың шашын өрсе, Айжан Тайғара шашбау тақты. Мектебіміздегі домбыра үйірмесі, яғни «Гүлдерай» ансамблі барлық іс-шараларға қатысып отырады. Алдағы уақытта «Рухан жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Әжелер» тобын құру ойда бар. Осылайша мектебіміз ата-дәстүрімізді насихаттауға ат салысып келеді.

Гүлфира АРСТАНБЕКОВА,
Еңбек ауылының НОМ
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.