Абай мұрасының көпэтномәдениетті әлемдегі рөлі

Выпуск - №44(440)   :   10.11.2020
162

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалында ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы көпэтномәдениетті әлемде» тақырыбында қашықтан халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция Абай Құнанбаевтың рөлі және оның көпэтномәдениеттік әлемдегі мұрасы туралы ғылыми қоғамдастық, педагог қызметкерлері, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері арасында идеялармен және шығармашылық бастамалармен алмасу үшін бірыңғай пікірталас кеңістігін қалыптастыру мақсатын көздеді. Алқалы жиынның жұмысы қоғамдық сананы жаңғыртудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы, Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті, білім берудің өзекті мәселелері мен даму тенденциялары, заманауи өнер: шығу тегі, ерекшеліктері, даму болашағы, Абай шығармашылығындағы полиэтникалық толеранттылық, Абай философиясы арқылы көпэтномәдениетті әлемдегі тәрбиелеу бағыттары бойынша жүргізілді.



Конференцияның ұйымдастыру комитетінің қарауына конференцияның бағыттары бойынша 100-ден астам мақала келіп түсті, олар электронды жинақта ұсынылатын болады. Конференция жұмысы Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы З.Байменованың қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзімен ашылды. Конференцияның пленарлық бөлімінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Алтай Республикасының спикерлері өз баяндамаларын ұсынды. Баяндама жасаушылар қатарында академиктер, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары болды.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры М.Төлеген, философия докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі «Абай мұрасы – зияткер ұлт қалыптастырудың негізі» атты баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Шынында да, Шығыс Қазақстан еліміздің жетекші орталықтарының бірі, талантты сөз шеберлерінің отаны болып саналады. Бірінші орында – данышпан ақын, ойшыл, дана философ Абайдың көрнекті тұлғасы тұр. Оның мұрасы университеттің білім беру процесінде, жастардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда белсенді қолданылуда.

Челябі мемлекеттік мәдениет институты педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Р.Литвак, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Әлеуметтік білім Академиясы академигі баяндамасында Абайдың шығармашылық мұрасына енген гуманистік дәстүрлерді ашып көрсетті. Ұлы гуманистің еңбектерінде біз адамның, оның руханиятының, моральдың формуласын табамыз. «Абай Құнанбаевтың тұлғаның қазіргі әлеуметтенуі контексіндегі әлеуметтік онтологиясының құндылық парадигмасы» баяндамасы кең ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың қызығушылығын тудырды.

«Мектептегі білім алушылардың ұлттық-мәдени бірегейлігін қалыптастыру стратегиясы» атты баяндамасын Беларусь Республикасының Минск қалалық білім беруді дамыту институтының ректоры, педагогика ғылымдар кандидаты, профессор Мороз Татьяна Ивановна ұсынды. Музей директорының орынбасары М.Қайрамбаеваның баяндамасында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы жүзеге асыратын отандық мәдени-ағарту қызметінің даму кезеңдерінің тарихи-педагогикалық талдауы ұсынылды. Оның тақырыбы: «Абай мұрасы және қазіргі музейтану». Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми хатшысы, PhD доктор М.Қозыбаева жаңа қоғам құру үшін жоғары дамыған адами капиталдың қажеттілігі туралы айтты.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қостанай А.Байтұрсынов атындағы Өңірлік университеті педагогика кафедрасының профессоры Б.Өтегенова «Абай Құнанбаевтың адамгершілік-этикалық ұстанымдарының әдіснамалық бағдарлары» баяндамасын ұсынды. Омбы облысының білім беруді дамыту институтының ФБ және ТК кафедрасының әдіскері Б.Тулулинова Абайдың әлемге деген көзқарастарының таңғажайып тұтастығы, олардың жалпы адамзаттық үні туралы айтты. Алтай Республикасы «Қош-Ағаш ауданы» муниципалдық білім беру әкімшілігі білім басқармасының бастығы, Педагогика ғылымдарының кандидаты И.Солтанбаев өз сөзінде ана тілін, қазақ халқының әдет-ғұрпын, оның мәдениетін сақтау туралы әңгіме қозғады.



Конференция жұмысы секциялық топтарда жалғасты. Үш секция алаңында 30 спикер баяндамаларын ұсынды. Талқылау барысында Абай Құнанбаев мұрасының философиялық және педагогикалық әлеуетінің өзектілігі туралы мазмұнды әңгіме болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз», – деген сөздері орынды. Конференция аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылып, конференция мәселелері, оларды педагогикалық практикада пайдалану бойынша одан әрі ғылыми ізденіске ықпал ететін идеялар, ұсыныстар мен қорытындылар көрініс тапқан резолюция қабылданды.

Конференцияға қатысушылар білім беру ұйымдары педагогтерінің, жоғары оқу орындары қызметкерлерінің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұлы Абай мұрасын зерделеу және тарату мәселелері жөніндегі қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын орынды және одан әрі дамытуды, жетілдіруді және жалғастыруды талап етеді деп таныды. Іс-шараның халықаралық тәжірибесі қоғамның шығармашылық және әлеуметтік белсенділігінің өсуіне және қазақ әдебиетінің көрнекті классигі, философ, педагог Абай Құнанбаев туралы ғылыми білімнің таралуына ықпал етеді деген сенімде. Сондай-ақ қазақ классикасы мен қазақ тілін оқытудың инновациялық тәсілдерін іздестіруге бағытталған халықаралық білім беру кеңістігінде ғылыми-әдістемелік алмасу практикасын ынталандыруды ұсынады.
Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасының өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі маңыздылығын, білім беру ұйымдары Абай мұрасын рухани-адамгершілік даму, тұлғаның мәдени ұстанымын қалыптастыру және оны әлеуметтендіру мәселелері бойынша білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде белсенді пайдалануын белгілейді. Сонымен қатар сабақ және сабақтан тыс уақытта іс-шаралар өткізу кезінде білім беру ұйымдарында, қалың жұртшылық үшін әлеуметтік желілерде Абай мұрасын тарату жұмысын жалғастыруға ниет етеді.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті ғылыми-практикалық конференция мәселесін талқылауға қатысқандардың барлығына үлкен ғылыми және практикалық қызығушылық танытқандары үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

 

Камиль ИБРАГИМОВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ
инновациялық білім беру және
ақпараттық технологиялар
кафедрасының меңгерушісі

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.