Абайды оқыған ұрпақ

Выпуск - №29-30(677-678)   :   22.08.2025
175

1

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Бұл айтулы күн еліміздің әр өңірінде кеңінен аталып өтуде. Осыған орай жақында Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығында «Абай оқулары» аудандық байқауы өтті.

Байқауға Тобыл ауылдық кітапханасы, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі және Аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасып, бар өнерлерін ортаға салды.
Алғашқы кезеңде барлық қатысушылар өздерін таныстырып, Абайдың бір қара сөзін мәнерлеп оқып, бейнеролик түрінде ұсынса, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты екінші кезеңде ақын шығармаларын нақышына келтіріп, мәнерлеп жатқа оқыды. Ал ең соңғы кезең – «Өнердің өрі, таланттың төрі» деп аталды. Бұл сында әр қатысушы өнерін ортаға салып, қыр-сырымен таныла білді. Сондай-ақ сайыс кезеңдерінің арасында «Абай – дана, Абай – дара», «Қара, оқы, шырқа!» айдарлары өткізіліп, онда қазақ халқының ұлы перзентінің өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертіліп, әндері орындалды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Нұрбек Нұрлыбайұлы ІІІ орынға, Алмас Ғалымбекұлы ІІ орынға лайық деп танылса, Тобыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жаңагүл Аманжолқызы І орынды жеңіп алды. Бұл байқау өте тартымды, әділ әрі қызықты өтті. Барлық жүлдегерлер мадақтамалар мен бағалы сыйлықтармен марапатталса, өзге қатысушыларға Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Б.Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді
оқыту орталығы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.