Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай қазақ елі мерекелік шараларға жұмыла кірісті. Мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан жаңғыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Бұл бастаманы Қостанай қаласында үстіміздегі оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашқан №29 орта мектептің ұжымы да лезде іліп әкетті. Мерейтой қарсаңында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мектеп қабырғасында түрлі іс-шаралар жоспарлай отырып, оны ойдағыдай өткізді. Атап өтер болсақ, ақынға арналған челлендж, буктрейлер эстафеталар, мерекелік концерттер, мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылған-тын.
Соның ішінде мектеп кітапханасында «Абайға арнау» атты 5-10 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың көздегені – Абайдың әдеби мұраларын дәріптеу, туындыларын насихаттау. Абай шығармалары арқылы көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, шығармадағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар шығармашылығына, ұлттың мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сайыс барысында ақынның шығармаларының дені оқылды, оның ішінде өлеңдері, қара сөздері, тіпті әндері де қамтылды. Сондай-ақ жоғарыда аталған іс-шарада Абай Құнанбайұлының шығармаларымен қатар әлемдік ақын-жазушылардың Абай атамызға арналған өлеңдері де жырланды. Тағылымдық сайыстың екінші кезеңі викторина түрінде өтіп, қатысушыларға ақынның өмір жолына қатысты сауалдар қойылды. Сайыс соңында қатысушылар әділ-қазылар алқасының әділ шешімі бойынша жүлделі орындармен марапатталды.
Абай атамызға арналған бұндай танымдық іс-шаралар бұған дейін де өткізілді, алдағы уақытта да ұйымдастырыла бермек. Оның жүйелі түрде өтетіндігіне толық сенімдімін. Ұрпағымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн. Сондықтан хәкім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.
Б.Нұрмағамбетова,
№29 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.