Үстіміздегі жылы ойшыл, «Екінші Аристотель» атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толмақ. Айтулы датаға орай, «Западный» кітапхана-филалында тақырыптық сөре ұйымдастырылды.
«Әл-Фараби ізімен» атты сөреге кітапхана қорындағы ғұламаның еңбектері: «Қайырымды қала. Музыка туралы кітап», Әбу Насыр әл-Фарабидің «Таңдамалы трактаттары», 10 томдық шығармалар жинағы және мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары қойылды. Оқушыларға әл-Фараби жайлы қысқаша мағлұматтар беріліп, еңбектерімен таныстырылды. Ғалым еңбектерінде адамдардың бақытқа, молшылыққа жету үшін бір-біріне әділетті дос болуын насихаттап жазғаны жайлы сөз қозғалды.
Кітапханада арнайы сөрені ұйымдастырудағы басты мақсат – бабамыздың мұраларын оқырмандарға насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізу, дәріптеу болды. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың ғылым жолына өз үлесін қосарда табанын тоздырып, әлем шарлап, ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгергені кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, өлмес мұра, ең құнды қазына деп ойлаймын.
Айнагүл ӨТЕБАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.