Ақын адам – ақ көңіл

Выпуск - №16(664)   :   25.04.2025
1003

1

Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында белгілі ақын, аудармашы, ғалым Серікбай Оспанұлының 80 жылдық мерейтойына арналған кітапханалық журфикс өткізілді.

2

Іс-шара оқырманның ыстық ықыласына бөленіп жүрген жерлес қаламгердің өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын оқушыларға таныстыру, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар туған елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздеді. Әдеби кештің шымылдығын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің ұстазы Данагүл Монтайқызы Өтепбаева Серікбай ақынның сөзіне жазылған «Айлы түнде» әнін домбырамен шебер орындап, әсерлі түрде ашып берді.
Бала кезде арылмаушы ем күнде ойдан:
«Балдай, осы атыңды алғаш кім қойған?!
Сонша тәтті бола ма екен жер деген?!
Қант, кәмпит бар ма тыққан бір қоймаң?! – деп бала күнімде осылайша жырладым деген ақын, ер жеткенде сол тәттіліктің сыры неде жатқанын түйсіндім деп, жырыменен сыр шертті.
«Бала шағын ұмытпайды мынау ұл,
Әлі есімде, жылаңқы сол жыл ауыр.
Торғай, Ырғыз ортасында тұратын,
Балдай атты кішігірім кіші ауыл».
Серікбай ағай әңгіменің бастауын тілге тиек еткен Балдай таудың баурайы – туған жері, өскен ортасы жайында қозғап, балалық шағынан естен кетпес қызықты сәттерімен бөлісті.
Кітапханашылар Серікбай Оспанұлының балалар базарлығына айналған 1981 жылы «Айгүл» деген атпен республикалық «Жалын» баспасынан жарық көрген тұңғыш жинағы мен «Жалын» баспасынан «Қайнарбұлақ», «Батыр туралы баллада», «Шашу», «Балалар әдебиеті» баспасынан «Ең жақын кім адамға?», «Қостанай» баспасынан 2022 жылы «Ахмет ата», 2023 жылы жарыққа шыққан «Адамгершілік әліппесі» атты еңбектеріне тоқталып, ақынның шығармашылығы жайында баяндап, сұхбаттасты.

4

3


Серікбай Оспанұлындай ақын аталарымен арнайы кездесуге келген кітапханалық журфикстің көрермендері – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп пен Ахмет Бірімжанов атындағы мектеп және Qazbilim ұлттық лицейінің оқушылары мен мұғалімдері іс-шараға белсене қатысып, «Балалар әдебиетіне келуіңізге қандай ықпал болды? Шығармашылық жақтан сізге бағыт-бағдар берген ұстаздарыңыз болды ма?» деген түрлі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Жылы шырайлы кездесу соңында кітапхана меңгерушісі Мәриям Бекқожақызы сөз алып, қазақ балалар әдебиетіне сүбелі үлес қосып, оның жан-жақты дамуына еңбек етіп жүрген бірегей тұлға, жерлесіміз Серікбай Оспанұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, қаламынан шыққан тамаша дүниелер қазақ әдебиетінің қоржынын толтыра берсін деген лебізін, ыстық ықыласын білдірді. Ал іс-шара демеушілері болған кітапхана жанашырлары «Одевашка» жиһаздар дүкенінің иесі Юлия Малькова мен «Royal Flowers Kostanay» гүлдер салонының атынан мерейтой иесіне естелік сыйлық пен гүл шоғы табыс етілді.

Ботакөз ДҮЙСЕМБАЕВА,
Қостанай қалалық ОКЖ
А.С. Пушкин атындағы
ҚБК кітапханашысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.