Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ЖББ мектебінде мектебіміздің жас зерттеушілері Қостанай облыстық Ы.Алтынсаринның мемориалдық музейінің басшысы, айтыскер ақын, композитор, журналист Марғұлан Оспановпен кездесу өткізді.
.jpg)
«Туған жер» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының аудандық слеті аясында өткізілген кездесудің негізгі мақсаты – өлкеміздегі халқымыздың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жерлесіміздің шығармашылығы мен өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау. Даңқты жерлесіміздің өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсаты да назардан тыс қалмады. Кездесуді мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Данагүл Утепбаева ұйымдастырып, жүргізді.
Іс-шара барысында жастарға Марғұлан Бақытбекұлы жайлы мағлұмат та берілді. Туған жері –Жангелдин ауданына қарасты Шилі ауылы. Ол Қ.Жармағамбетов атындағы мектепте 11 жыл білім алып, Қостанай қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде (сол кезде ҚМУ) 2003-2008 жылдар аралығында журналистика факультетінде білім алды. Кейіннен З.Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде білімін жалғастырып, құқық негіздері мамандығын игерген. Жыршы-термешілер халықаралық одағының, Қостанай облыстық композиторлар одағының, Қостанай облыстық меценаттар клубының мүшесі, шабыт сыйлығының лауреаты. Есімі Қостанай облысының жұлдызды жастарының «Алтын кітабына» енгізілген.
Кездесу барысында оқушылар ақынның өмір жолына және өнер жолына байланысты қызықтырған сұрақтарын қойып, жүрекжарды пікірлерімен алмасты. Басты кейіпкеріміз өз әңгімесінде мектеп жасынан шығармашылыққа жақын болғанын айтып, түрлі іс-шараларға, үйірмелерге белсене қатысып, әншілік, ақындық өнерін шыңдап, мектепішілік, кейін аудандық, облыстық оқушылар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Жыр мүшәйраларында да жиі бақ сынап, жазған өлеңдері газет-журнал беттерінде жарияланып жүріпті. Бүгінде Марғұлан Оспановты көпшілік жақсы біледі. Осындай жалынды жастардың шығармашылығы мен өнегеге толы өмір жолын жас ұрпаққа насихаттап, үлгі етіп отырсақ, құба-құп.
Алдағы уақытта да елімізге танымал жерлестерімізбен жолығып, осындай тағылымға толы кездесуді жалғастыра бермекпіз. Ал біздің жас зерттеушілерімізбен келелі сұхбат құрып, жүрекжарды ой бөліскені үшін көп жылдан бері өнер саласының жұмысын жандандырып, еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірі Марғұлан Бақытбекұлына алғыс білдіреміз. Еңбекте толағай табыстарға жетіп, әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын деп тілейміз.
Қаламқас ДУЛЫБAEВA,
Мeмлeкeттiк тiлдe oқытaтын
Зaрeчный ЖББМ
мaтeмaтикa пәнінің
мұғaлiмi,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.