Амангелді ауданындағы Б.Қолдасбаев атындағы ОМ басшысы Мұхаммедәлі Серікұлының бастамасымен жас ақын Саят Әбеновтың өзі оқыған білім ошағында «Жырлары бар жаныңды жадыратар» атты кездесу кеші өтті.

Кешті мектеп оқушыларын өнерге баулып жүрген музыка пәнінің мұғалімі Фархад Жүрсінов жүргізіп отырды. Арнайы жыр кешіне мектеп ұстаздары мен оқушылары және Саяттың бала күнгі достары Руслан Шегенбаев, Нұрлыбек Есмағамбетов, алғашқы ұстазы әрі сынып жетекшісі Әмина Сүлейменова және ақындыққа баулыған ұстазы Гүлназия Сыздықова арнайы қатысты.
Димаш Құдайберген алпауыт мемлекетті аузына қаратып, қазақ әншісінің қандай болатынын көрсетіп, ел мерейін үстем етіп, туымызды көкте желбіретті. Ал қолына қалам ұстаған өнер иелері шама-шарқы жеткенше оған өз қолдауын білдіріп келеді. Солардың бірі – осы Саят Әбенов. Ол жалпақ жұрттың ыстық ықыласына бөленген торғайлық айтыскер, талай хит әндердің сөзін жазған ақын. Димаш жеңіске жеткен соң, Саят Әбеновтың оған жыр арнағаны жалпақ жұрттың есінде. Жырында ол Димаштай болу қытайлықтарға арман екенін, оны қазаққа Құдай бере салғанын жеткізді.

Алғашында ауылдағы, өнердегі достарының әндеріне сөз жазып жүрген Саят, «Өлшеулі өмір» термесімен халықтың назына ілінді. «Жүрегіңнен бір орын бер, бос болса...» атты жырын тапсырыс бойынша Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Айдарбековке берді. Содан бері ақын Саяттың тасы өрге домалап, бүгінде эстрада әлемінде үлкен сұранысқа ие. Таяуда Димаш Құдайбергеновтың өзі оны іздеп келіп, әніне сөз жаздырған. Ол әннің тағдыры уақыт еншісінде.
Кеш барысында оқушылар Саяттың өлеңдерін оқып, «Туған жерім – Батпаққарам» әнін шырқады. Ал, Саяттың өзі кездесу барысында «Үш досым» және «Ұстазыма» деген өлеңдерін оқып берді. Қонақ кәде сұралып, «Жүрегіңнен бір орын бер бос болса...» әні де шырқалды. Оқушылар толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Атаулы білім ошағының тәрбие ісінің меңгерушісі Рауан Әбішев бұрынғы көршісі Саяттың балалық шағы туралы бірсыпыра естеліктерімен бөлісті. Тағылымды кездесу соңында Саят Әбеновтың Б.Қолдасбаев орта мектебіне арнап жазылған әнұраны шырқалды.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер орталығы
көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.