Әбу Насыр әл-Фарабидің биылғы 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Әл-Фараби мұрасы» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференция «Жасампаз-жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы шеңберінде философ Әбу Насыр әл-Фарабидің Қазақстанның жаһандық тарихының шығармашылық мұрасының рөлін және мәнін талқылау үшін алаңды ұйымдастыру, қазақстандық қоғамның гуманистік құндылықтарын тәрбиелеу контекстіндегі еркін сүйгіш қазақ халқының гуманистік мәдениетінің терең тамырлары мен бастауларын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ толеранттылық мәдениет пен түрлі мәдениеттердің дәстүрлерін құрметтеу, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы шеңберінде көпэтникалық және көпконфессиялы Қазақстандық қоғамның тұрақтылығын көрсетуді көздеді.
Үстіміздегі жылдың атаулы жылдар қатарында айшықталуы, бабаларымыздың парасатты өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттауға берілген мүмкіндік деп білемін. Ұлы даланың ұлағатты ойшылдары Абай мен әл-Фараби мерейтойларымен тұспа-тұс келуін рухани сабақтастық деп бағалауымыз керек. Бұл – тарихымыздағы тағылымды белестің бірі. Атаулы мерекелер шеңберінде ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы қазақ халқынан шыққан дана тұлғалардың өмір жолын кейінгі буын өкілдеріне насихаттау, жастарға мотивация ретінде қолдануды көздейді.
Конференция онлайн режимде өткізілді. Шараға Қостанай өңірі, Жезқазған және әл-Фарабидің туған жері Отырардан тарихшы, Фараби әлемін зерттеушілер мен білікті мамандар қатысты. Конференцияға үш бағыт бойынша, жалпы саны 70-ке жуық материал келіп түсті. Екі күнге жасалған конференция бағдарламасының алғашқы күнінде секция жұмысы өткізіліп, барлық бағыттар бойынша үздік деген жұмыстар қорғалды.
«Әл-Фарабидің медицина саласына қосқан жаңалықтары» атты І бағыт бойынша «Әл-Фараби және медицина» тақырыбында Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Әсемгүл Кемпірова, «Әл-Фарабидің жаһандық ғылымға, мәдениетке қосқан үлесі» атты ІІ бағыт бойынша «Әл-Фарабидің жаһандық математикалық мұрасы» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 4-курс студенті Мәдина Әлімбай, дәл осы бағытта «Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын физика пәнінде қолдану» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, «Алтын адам» төсбелгісінің иегері Сәуле Кенжеғалиева баяндама жасады. Ал «Әбу Насыр әл-Фараби: өмірі шығармалары» атты ІІІ бағыт бойынша «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы Индира Жайлаубаева жұмысын баяндады.
Екінші күні өткізілген пленарлық отырыста Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сандуғаш Алматова сөз алып, отырысты жүргізді. Пленарлық жиында «Әл-Фараби таныған әлем» тақырыбында Түркістан облысына қарасты С.Ерубаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сауран Бердияр, «Әл-Фараби түсінігіндегі білім мен зерде» тақырыбында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сектор меңгерушісі Гүлжанат Әмірхамзина, «Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының адамзат өркениетіне қосқан үлесі» тақырыбында Қостанай педагогикалық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы, магистр Айнұр Ералина, «Әл-Фараби мұрасының зерттелуі» тақырыбында Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебеп-ғылыми кітапханасының оқу залының меңгерушісі Лаззат Исабекова баяндамасы тыңдалып, аталмыш кітапхана ұжымы әзірлеген «Әл-Фарабидің ашылмаған әлемі», «Ұстаздың оралуы» кітаппен саяхат» бейнеролигі таныстырылды.
Конференцияға қатысушылар көтерілген мәселелердің құндылығын, философтың өмір дастанын, білімге деген құлшынысын, шығармашылығын, тарихын, жаратылысын сипаттайтын факторларды зерттеп, оны жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың тиімділігі мен келешегін қарастыра отырып, конференция материялдарының маңыздылығын талқылады. Алқалы жиын барысында туған өлкенің кешегі көрінісі мен бүгінгі бейнесін жастарға насихаттау мақсатында бірқатар мәселелер ұсынылды.
Әл-Фараби өзі ғұмыр кешкен дәуірде атеистік көзқарастың өршіп тұрғанына қарамастан, қасиетті Құран Кәрімде жазылған өркениет ілімін ұстанды. Дана тұлға ғылымның басты мұраты адамзат игілігіне қызмет ету деп білді. Оның пікірінше, ғылым өркениетті дамыту жолында нақты пайда әкелуі керек. Ғылымның дамуын философия, мораль және діни нормалармен үндестік арқылы қарастыру – ойшыл дүниетанымының басты ерекшелігі. Ол қазіргі таңда ең өзекті болып тұрған, ұлттың рухани мәдениетін дамытуға күш салды.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
«Жасампаз-жастар
ұйымы» ҚБ төрайымы,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.