Алаяқтармен қалай күреспек керек?!

Выпуск - №24(720)   :   19.06.2026
803

1

Заманауи технологиялар қарқынды дамыған сайын, өкінішке қарай, бейкүнә халықтың тыныштығын бұзып, қарызға белшесінен батырып, қаншама адамның көз жасында қалып жатқаны ойда жоқ, қалтасын қалыңдатқысы келетін алаяқтардың қатары артып келеді.

Өзіңіз болмаса да, жақыныңыздан, бәлкім танысыңыздан алаяқтардың құрбаны болғаны туралы жағымсыз хабарды естіп жүргеніміз рас. «Сізге сәлемдеме келді, кодты айтпасаңыз қайтарылады», «Атыңыздан несие рәсімделіп жатыр, шұғыл кодты айтыңыз, ақшаны қауіпсіз шотқа аударыңыз», «Жақыныңыз жол апатына түсті, тез арада ақша жіберіңіз», «Күніне 10 минут уақыт бөліп, үйде отырып ақша табыңыз» және ең сорақысы бұл тізім жалғаса береді. Бұндайлардың басты қаруы – сіздің әлсіз жеріңізді тауып, соған неғұрлым қаттырақ басу және сізді пайдаланып қалу.
Мұндай жағдайға тап бола қалсаңыз, қайтпек керек?! Әрине, ең алдымен, барынша сабырлылық таныту қажет. Санамызға қысым салып, асықтырған сайын асыға түсетініміз белгілі, дегенмен эмоция үстінде шешім қабылдамас бұрын, ақылға салып ойланып алған жөн. «Ешкімге айтпаңыз, телефоныңызды тыңдаймыз» десе де, жақыныңыға айтып, бөлісуден қорықпаңыз. «Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» емес ме? Күні кеше Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен, «Заң мен Тәртіп» қағидаты шеңберінде, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері және әскери қызметшілердің қатысуымен Қостанай қаласындағы Жастар сарайында өткен «AFM Online 2026» интерактивті дәрісінде бұл мәселе туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Алқалы жиында прокуратура, полиция, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері сөз сөйлеп, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтау, интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл шараларын түсіндірді. Жиында алаяқтардың құрбаны болғандар ғана емес, оңай олжаға кенелемін деп, өз банк карталарын өзгелерге беріп, қылмыстық схеманың делдалына айналған «дропперлердің» де мәселесі кеңінен баяндалды.
Кездесуе белгілі болғандай, бүгінде алаяқтықтың алдын алу бағытында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, халықтың асығыс несие алуын шектеп, алаяқтардың құрығынан сақтау мақсатында енгізілген арнайы «ойлану мерзімі» (период охлаждения) ережесі. Дей тұрғанмен, бұл мәселемен күрестің ең тиімді жолы – халықтың құқықтық әрі қаржылық сауаттылығы. Себебі, ақпараттанған және барынша сақ жүрген жанды арбау мүмкін емес. Тәртіп сақшылары іс-шара барысында әрбір азаматты мәселемен бетпе-бет жалғыз қалдырмайтындарын, құқықтық көмек көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін жеткізді. Ең бастысы, қадірлі оқырман, қандай қиын жағдай орын алмасын, ешқандай қаржылық шығын өміріңіз бен денсаулығыңыздан маңызды емес екенін ұмытпаңыз.

Жамал ШАУКЕН

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!