Жангелді аудандық кәсіподақ ұйымының басты ұстанымы – әр мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын қолдау, үйлестіру және ортақ мақсатқа жұмылдыру. Бұл ұстаным аудан мектептеріндегі кәсіподақ жұмысының мазмұнынан айқын көрінеді.
Аудан көлемінде озық тәжірибесімен танылған ұжымдардың бірі – Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұндағы бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысын ақпараттық ашықтық пен шығармашылық бағытта жүргізіп келеді. Ұжымның «Үздік кәсіподақ ақпараттық ресурсы» облыстық байқауында жеңіске жетуі, «Менің бастауыш кәсіподақ ұйымым» бейне-визитка байқауында І орын алуы – тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Бұл мектепте кәсіподақ әр ұстаздың мерейлі жасын атап өтіп, зейнетке шығуын салтанатты түрде ұйымдастырады. Педагогтердің шығармашылық жетістіктерін қолдап, қаржылай көмек көрсетеді. Бұған қоса «Балбала», «Мектепке жол» акциялары арқылы оқушыларға әлеуметтік қолдау білдіріп келеді. Мұның барлығы кәсіподақ жұмысының тәрбиелік мәнін арттыра түседі.
Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінде кәсіподақ жұмысы мәдени және спорттық іс-шаралармен мазмұндалған. Ал пән бірлестіктері арасындағы шығармашылық көрмелер, спорттық эстафеталар, ардагер ұстаздарға арналған құрмет кештері ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Бұл білім ордасында кәсіподақ ұжымды біріктіретін рухани орталыққа айналған.
Аудандық кәсіподақ ұйымының жүйелі жұмысы – әлеуметтік қолдаудың жарқын көрінісі. Мәселен, Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Ел дамуының тірегі – еңбек адамы» атты кіші қызметкерлермен тағылымды кездесу өтіп, 26 қызметкерге сыйлық табысталды. Республика күні қарсаңында волейболдан жарыс өткізілді. Ал Мұғалімдер күніне орай педагогтерге құрмет көрсетіліп, «Мектепке жол», «Балбала» акциялары жүзеге асырылды.
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына байланысты облыстық конференция өткізіліп, онда белсенді қатысқан педагогтер марапатталды. Алғыс айту күніне орай «Ұстаздық жолдағы ұлы белестер» танымдық кеші ұйымдастырылып, мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді. Қарттар күні қарсаңында жеті ардагер ұстаз «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек қиын жағдайға тап болған екі отбасына «Мейірім» қорынан қаржылай көмек көрсетілді.
Сондай-ақ өткен Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Ел дамуының тірегі – еңбек адамы» атты тағылымды кеш ұйымдастырылып, білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлердің еңбегі еленді. Оларға арнайы Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталып, кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Еңбек адамын ардақтап, қамқорлық таныту – ел дамуының берік іргетасы екені осылайша тағы бір мәрте айқындалды.
Жанат ТЕМІРОВА,
«Қостанай облысы білім
және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы»
қоғамдық бірлестігінің
«Жангелдi аудандық білім қызметкерлері
кәсіби одағының ұйымы» филиалы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.