Рудный қаласында осындай тақырыптағы ғылыми-практикалық конференция өтті. Бір топ тіл жанашырларының басын қосқан іс-шара тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын көпшілікке насихаттауды көздеді.

Конференция Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты әлеуметтік жобасы аясында өткізілді. Оған республикалық, облыстық деңгейдегі ЖОО-ның ғалымдары, тіл саласының мамандары, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және тілдерді дамыту саласының басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері – жалпы саны 50-ге жуық тіл жанашырлары қатысты.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тілді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен цифрлық технологияларды кеңінен таратуға негізделген іс-шараны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай жүргізіп отырды. Алқалы жиынды Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Жарасхан Науразбаев кіріспе сөзімен ашып берді. Артынша ғылыми-практикалық конференция бастау алып, тіл мәселесіне қатысты өзекті тақырыптарда баяндамалар тыңдалды.
«Қазақ тілі сабақтарының заманауи сипаты» тақырыбында Назарбаев Университетінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Күлән Көпеш, «Мемлекеттік тіл – ғылым тіліне айналуы тиіс» тақырыбында А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжанат Жүрсіналина, «Ұлттық болмыс және мемлекеттік тіл» тақырыбында «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жаңбыршинаның баяндамасы тыңдалды.
Артынша пленарлық отырыс аздаған үзілістен кейін жалғасын тауып, «Ғұрыптық фольклордың ұлттық код ретінде тілдік сипаты» тақырыбында А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушы, филология магистрі Мира Мұратқызы, «Қазақ тілі: бүгіні мен болашағы» тақырыбында Б.Майлин атындағы мектеп-гимназияның директоры, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Үздік педагогі Қымбат Бірманова, «Бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі» тақырыбында «Қостанай таңы» облыстық газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин баяндамасын жиналғандар алдында таныстырып өтті.
Әрине, әрбір баяндамадан соң, сұрақтар қойылып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Осылайша тіл жанашырлары бас қосқан тағылымды шара соңында Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мырзабаева сөз сөйлеп, бұл жиынның маңыздылығын тағы бір мәрте тілге тиек етіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мақсатындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» әлеуметтік аясында мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Гүлнар ТАЛАПОВА,
Рудный қалалық тілдерді
оқыту орталығының
басшысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.